Олжас Бектенов шахтадағы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Отырыста Премьер-Министр Олжас Бектенов қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-Министрдің орынбасарының есебі тыңдалды.

Қанат Бозымбаевқа жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы баяндап отыруды тапсырды.