Тексеріс талабы – тегеурінді

Аудан бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын бақылау мақсатында құрылған мобильді топ рейд жұмыстарын тұрақты әрі тегеурінді түрде жүргізіп келеді.

Топ мүшелері аудан әкімдігі, «Ұлытау» қорық-мұражайы, аудандық білім бөлімі, аудандық Мәдениет үйі, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы және тағы да басқа мекеме ғимараттарына барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өзін-өзі сақтандыру шараларын мұқият орындау қажеттілігін түсіндірді. Сондай-ақ, бетперде тағу, антисептиктің болуы, жадынамалар іліну жайы тексерілді.

Мобильді топ мекеме-кәсіпорындардан тысқары, дүкендер, асханалар, басқа да адамдар көп жиналатын орындарда рейд жұмыстарын күнделікті жүргізе беретін болады.

Өз тілшімізден