Қазақстандағы салық реформасы және инфляцияны тежеу шаралары
Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығының хабарлауынша, алдағы бюджет-салық жүйесін реформалау барысында инфляцияны тежеудің қосымша шаралары енгізілуі мүмкін.
Мысалы, ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, шағын бизнесті бейімделу кезеңінде қолдау мақсатында өндіріс секторына жеңілдіктер ұсыну секілді шаралар қарастырылып жатыр.
Қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесінің өсуі күрделі мәселе болып отыр, өйткені ол тұтынушыларға да, бизнеске де үлкен әсер етеді. Тұтынушылар тауарлар мен қызметтер үшін бұрынғыдан көп төлеуге мәжбүр болса, бизнес бухгалтерлік шығындардың артуы мен жиынтық сұраныстың әлсіреуіне тап болуы мүмкін. Бірақ, үкімет жалақы қорына жүктемені 40%-дан 30%-ға дейін төмендететінін жариялады және ҚҚС-тың өсуінен түсетін қаржыны экономикалық өсуді ынталандыруға бағыттауды жоспарлап отыр.
Нұргүл БАЙҚОҢЫСОВА,
Қарсақбай кентінің тұрғыны.