Қазақстанның жаңа заңнамалық реформалары: Әділетті қоғам құру жолы

Қазақстандағы соңғы заңнамалық өзгерістер адам құқықтарын қорғау саясатын нығайтуға бағытталғанын айқын көрсетеді. Бұл реформалар елдің халықаралық құқықтық стандарттарға сәйкес келуін қамтамасыз етуге және азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Конституциядан өлім жазасының алып тасталуы – адам құқықтарын қорғау жолындағы маңызды қадам. Бұл шешім Қазақстанның өлім жазасын қолдануды жою және өмір сүру құқығын қорғау жөніндегі жаһандық трендке қосылу ниетін білдіреді. Қазақстан БҰҰ-ның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактісінің екінші факультативтік хаттамасына қосылып, өлім жазасынан толық бас тартуға міндеттеме алған болатын. Бұл қадам елдегі қылмыстық саясаттың гуманистік сипатқа ие болуына ықпал етеді.
Сонымен қатар, азаптау фактілерін тергеуді прокуратураның құзырына беру құқық қорғау жүйесіндегі реформалардың маңызды элементі болып табылады. Бұрын мұндай істерді ішкі істер органдары жүргізген, ал енді прокуратураның тергеуді өз бақылауына алуы тергеу процесінің тәуелсіздігі мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл құқық қорғау органдарының азаматтарға қарсы заңсыз әрекеттерін азайтып, әділеттілікті орнатуға мүмкіндік береді.
Осы реформалар Қазақстанның азаматтық қоғамды дамытуға және халықаралық құқықтық стандарттарға бейімделуге деген ұмтылысын көрсетеді. Елдің адам құқықтарын қорғау саласындағы саясатының басымдығы тек құқықтық реформалармен шектелмей, азаматтардың құқықтарын сақтауға, сот жүйесін реформалауға, және әділетті қоғам құруға бағытталған кең ауқымды шараларды қамтиды.

Ғазиз УСКЕНБАЕВ,
зейнеткер.