Қарағандылық оқушы екі халықаралық математикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Қашықтық форматында XXXIII халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы және ХХ Халықаралық «Жібек жолы» математикалық олимпиадасы өтті. Математикадан дарынды оқушылардың сайысына Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Рахым Баймурзин қатысты.

Қарағандылық оқушы екі медаль жеңіп алды. Рахым Баймурзин Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасының күміс жүлдегері атанды. «Жібек жолы» Олимпиадасында үшінші орын алды.

Биыл Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасына 38 елдің өкілдері қатысты: Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және т. б. «Жібек жолы» Халықаралық математикалық олимпиадасына Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан елдердің: Қытай, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және т. б. оқушылары қатысты.

Қарағанды қаласының НЗМ ақпараты бойынша