Соттық-құқықтық жүйесі: тепе-теңдік және әділдік

Мемлекеттің соттық-құқықтық жүйесінде құқық қорғау органдары мен соттар арасындағы тепе-теңдіктің сақталуы құқықтық мемлекеттің негізін құрайды.

Адвокатура сот процесінде қорғаушы тарап ретінде қатысып, күдікті немесе айыпталушының құқықтарын қорғайды, әділ үкімнің шығуына ықпал етеді. Әр тараптың құқығы сақталып, істің жан-жақты, толық және объективті зерттелуі – сот төрелігіне деген сенімді арттырады.
Конституциялық сот мемлекеттің ең жоғарғы құқықтық инстанциясы ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Құқық бұзушылықтар мен заңның сақталмауы жағдайында азаматтар сотқа немесе Конституциялық сотқа шағымдану арқылы өз құқықтарын қалпына келтіре алады. Осылайша, құқықтық жүйенің әрбір элементі – полиция, прокуратура, адвокатура, соттар және Конституциялық сот – өзара іс-қимыл жасай отырып, әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етеді.

Айнагүл ТАКЕЕВА,
Қоскөл ауылының тұрғыны.