ЗАМАНАУИ ҚАЗАНДЫҚ – ҚАЛА ИГІЛІГІНЕ
Бұл жайында бүгін Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков Үкімет отырысында баяндады. Эмульгатор – қазандықтан шыққан қалдықтарды ұстап қалуға септігін тигізеді. Өңір басшысының айтуынша бұл орнату жұмыстары келесі жылыту маусымына дейін тағы қалған үш қазандыққа жүргізіледі.
Сонымен қатар Ұлытау облысының әкімі ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновке экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында көмірді ауыстыру, яғни жаңа көмір түрін пайдалану мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, қазіргі таңда «Қаражыра» көмір кен орнынан көмір қоры жеткізілген.
Өңір басшысы Үкімет отырысында Сәтбаевта газдандыру жобасын қолға алу жоспарланып жатқанын жеткізді.
«Өңірде өнеркәсіптік мақсаттағы №2 ЖО бар. Оның қуатын алдағы жылыту маусымына қарай Сәтбаев қаласына бағыттаймыз. Ал «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан қажеттілікке байланысты модульді қазандық орнатылады. Сонымен қатар газдандыру бағдарламасы аясында 2027 жылға дейін Сәтбаев қаласына көгілдір отын жеткізу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, қаланың жылу орталығына тәуелділігі 30%-ға төмендейді» – деді Ұлытау облысының әкімі өз баяндамасында.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов өз кезегінде облыс әкіміне аталған мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.