Көктемдегі су тасқынының алдын алайық!

Аудан аумағында су тасқыны әртүрлі жағдайда өтеді. Барлығы ауа-райына байланысты болады. Су тасқыны жай өтуі мүмкін – білінбейді, кейде бақытсыздық жағдайға әкелуі мүмкін. Су апатымен күресуде адамдарда біршама тәжірибе жиналды. Алайда, көктемгі су тасқыны кезінде ең қарапайым қауіпсіздік ережелерді орындамағандықтан, адамдардың біразы бақытсыздық жағдайға ұшырап және материалдық шығынға келтіреді.

Тұрғын-үйлерді, өндірістер, мәдени-тұрмыс нысандар, автожолдар, басқа да инженерлік ғимараттарды су басуда және адам өліміне жол бермеуде, олардың бетін қайтару мақсатында, жергілікті атқарушы органдар, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылары және тұрғындар су тасқынына қарсы біраз шараларды орындауға міндетті. Ол үшін:

— кент, ауылдық округтерде және аудан қызметтерінде штаб пен ТЖ комиссиясын құру;

— су тасқыны кезіндегі ТЖ жою жоспарын нақтылау;

— су басуы ықтимал аймағынан тұрғындарды, жан-жануарлар мен материалдық құндылықтарды, тұрғындарды уақытша қосалқы мүмкін үй-жайларға орналастыруды көрсетіп, көшіріп тасу жоспарын нақтылау;

— қардың көп жиналған жерлерден қарды, арналар мен су ағатын жүйелерді тазартып, су жіберетін құрылғылар мен механизмдерді жөндеу;

— су басу учаскілерінде топан су ағысын тоқтаусыз өткізуді ұйымдастыру;

— су басқан аумақтарға топырақ төгу;

— су тасқыны кезінде негізгі қамтамасыз ету базаларынан бөлініп қалуы мүмкін елді мекендер мен қойшылар мекендерін тамақпен, жем-шөппен, жанар-жағар маймен қажетті санын құру қажет.

Егер келесі қауіпсіздік ережелерін ұстанса, су тасқынының ауыр зардаптарын азайтуға болады.

— көктемгі қардың тез еруі, қолайсыз ауа-райының ұзақ созылуы, мұз еріп қозғалған мезгілде өзеннің аласа жағасында тоқтамау керек;

— оқыс су тасқыны кезінде, тұрған жерден тез кетіп жердің неғұрлым биік бедерлі жеріне жету керек;

— су қоймалары тоғандарға жақын және өзендер арасына орналасқан саяжайларға баруды шектеу қажет;

— өзендер, арналар, терең және енді орлар мен шұңқырлардың үстінен өтетін құбырлар мен құрылғылардың үстімен (бойымен) өтпеңіз;

— құрғақ жерден бөлініп қалмас үшін өзен ортасындағы жартылай аралдарға кірмеңіз;

— бақытсыздық жағдай болмас үшін, белгіленбеген және таныс емес орындарда мұз үстімен өзенді, арналарды және басқа да су қоймаларын кесіп өтпеңіз және жүрмеңіз;

— өзен, котлован, терең орлар мен шұңқырлардың жанында балалардың ойнауына тиым салыңыз;

— осы кезеңде су арнасының толық түскеніне дейін балықшыларға балық аулауын доғара тұру керек.

Егер сіз көктемгі су тасқынынан аман қалғыңыз келсе, өзіңіздің мүлкіңізді жоғалтқыңыз келмесе, онда қазірден бастап қажетті шараларды қабылдаңыздар.

Нұрлыбек НҰРСАН,

Ұлытау ауданы ТЖБ инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты.