Адам құқықтарын қорғау саласындағы соңғы заңнамалық өзгерістер

Заңнамадағы соңғы өзгерістер Қазақстанның адам және азамат құқықтарын сақтаудағы саясатының басымдығын көрсетеді.

Бұған Конституциядан өлім жазасын алып тастау және азаптау фактілері бойынша тергеуді прокуратураның құзырына беру кіреді. Бұл өзгерістер еліміздің құқықтық жүйесіндегі маңызды қадамдардың бірі ретінде танылып отыр. Өлім жазасының Конституциядан алынып тасталуы – Қазақстанның халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттемелерін орындау мен адам құқықтарын сақтаудағы адалдығын айқындайтын айрықша шешім болды. Бұл шара қылмыстық жазаның ең қатал түрін жоюға бағытталып, адам өмірін сақтауға және гуманизм қағидаттарын күшейтуге ықпал етеді.
Сонымен қатар, азаптау фактілерін тергеу құзыретінің прокуратураға берілуі де құқық қорғау саласындағы ілгерілеудің бір көрінісі. Бұл өзгеріс тергеу процестерінің әділдігін қамтамасыз етіп, қылмыстық істердің ашық және заңды түрде қаралуына мүмкіндік береді. Осы арқылы Қазақстан билігі азаптаудың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанатынын айқын көрсетіп отыр.

Гульдана АХМЕТОВА,
Қаракеңгір ауылының тұрғыны.