Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі
Ғасырдың ең өзекті мəселелерінің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық екені мəлім. Атаулы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тəрбиесіне зиян əкелетіні бəрімізді бүгінде алаңдататыны жасырын емес. Бұл мəселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы келеңсіз құбылыспен күресу – барша халықтың алдында тұрған ортақ мəселе екені айтпаса да түсінікті жайт.
Қазір аталған мəселе бірнеше жыл ішінде мемлекеттік мекемедегі барлық қызметшілердің бойын тасада ұстап жүруі тиіс маңызды мəселеге айналып отыр. Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алып, анықтауға, тыю жəне ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы барлық мемлекеттік органдарының жұмыс барысында аса маңызды құжат екені айқын. Міне, мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды тетігі болып отырған барлық салада да сыбайлас жемқорлықпен күрес басым бағыт ретінде белгіленуі тиіс жəне солай жасалып та отыр.
Қазіргі уақытта еліміздің барлық саласында, заңдар заман талабына икемделіп, қызметкерлердің республика аймағында еркін əрі ашық түрде жұмыс атқаруына қолайлы жағдай туғызылып отыр. Осы жағдайлармен күрестің тиімді нəтижесінде қызмет органдарында жемқорлық құқықбұзушылықтарды бұлтартпау жəне оны болдырмау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды жандандыруда. Жалпы, қоғамдағы қандай да болсын келеңсіздіктің алдын алуды əрбір азамат өзінен бастаған жөн. Бұл ретте, өзім, Отанымыздың патриотымыз деп есептейтін əрбір замандасыма айтарым, еліміздің биік белестерді бағындыруы, мемлекетіміздің дамыған елдердің қатарына кіруі сынды асыл мұраттарға қол жеткізуіміз, біздің Отан алдындағы еңбегімізді адал атқаруымызбен тікелей байланысты дегім келеді.
Бегалы КӨПЕШ,
«Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің заңгері.