Ардагерлер – құрмет төрінде

Аудандық мəдениет үйінде ел Тəуелсіздігінің 33 жылдығына орай, өңір экономикасының өсуіне елеулі үлес қосқан қаржы саласының ардагерлері марапатталды.

Еңбегімен ерекшеленген қос зейнеткер Кəмила Досетова мен Мəшкура Ділімбетова Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» медаліне ие болды.
Марапатты «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кəсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Ұлытау облысы бойынша филиал төрағасы Мақсұт Оспанов тапсырды.
Мерейі өскен зейнеткерлерді аудандық экономика жəне қаржы бөлімінің басшысы Тасболат Шайхин құттықтап, толайым табыс тіледі.

Қайрат ЖҰМАБАЙ.