Президент: Өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалануымыз керек

Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану, ол үшін қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіруді дамыту екені айтылды.

Ол үшін өнеркәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленетін болады. Тағы бір маңызды мәселе – келер жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша, Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды, ал жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Ол үшін үкімет пен бизнеске АӨК-ні дамытудың 5 жылдығына арналған жаңа ұлттық бағдарламаны әзірлеуді тапсырылды.
Барлық құқықтар қорғалған. Сондай-ақ, елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсіп, 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жөнделіп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керектігі сөз болды. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек көрсетіледі. Қоғамдық бақылау туралы заң қабылданады.
Барлық құқықтар қорғалған.

Әміралі КЕНЖЕБАЕВ,
кәсіпкер.