Президент Жолдауы – болашақ бағдары
Жолдау Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға арналған экономикалық нақты өзгерістер мен жігерлі әрекеттер керек екендігін атап өтті.
Жолдауда аталған барлық тоғыз басымдық осы міндеттерді орындауға бағытталмақ. Сондай-ақ, қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясы ерекше аталып өтті. Ол туралы тоғызыншы басымдықта айтылды. Цифрлық технологиялардың дамуымен қатар, алаяқтықтың түрлері де көбейіп кеткендігі, оған қарсы тұру үшін қоғамның экономика және қаржы негіздері бойынша білімін арттыру керек екендігін айтып өтті.
Азаматтардың құқығын қорғау саласында да көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Әділетті қоғам құра отырып, дамыған елдермен терезесі тең мемлекетке айналатындығымызды қадап айтты.
Маржан АХАНОВА,
мұғалім.