Заң мен тәртіп – қоғам әділеттілігінің шарты

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның қабылданды. Бұл заң қадағалау органының құқық қорғау функцияларын айтарлықтай кеңейтіп, оның сот төрелігі жүйесіндегі рөлін күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қосымша құралдарын ұсынады.

Қол қойылған Конституциялық Заң жоғары қадағалау құралдарын нығайту, заңдылықты арттыру және прокуратура органдарының құқық қорғау қызметін жүйелі күшейту мақсатында әзірленді.
Бұдан басқа, заң мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың қызметінде заңдылықтың бұзылуын анықтау, заңсыз актілерді анықтау, заңдылықтың бұзылуын жою және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Маржан БУЛЕГЕНОВА,
көпбалалы ана.