Заң мен тәртіп – басты қағидат

Заңды білмеу, оны бұзу –  жауапкершіліктен құтқармайды.

Осыған байланысты ҚР Баланың құқықтары туралы заңына тоқталып өтсек, Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың ҚРның Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдіЕлімізде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтар заңдарды біледі, зерделейді және қатаң сақтайды, сот және құқық қорғау органдарымен сындарлы диалог жүргізе алады. Қоғамда заң бұзушылыққа қарсы иммунитет қалыптасуда. Мемлекет халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру шараларын қабылдап, құқықтық санасын жүйелі түрде тереңдетіп, кеңейтіп отырады.

Сандуғаш ДӘУЛЕТИЯРОВА,
Жезді кентінің ветеринариялық пункт статисті.