Салық саясаты – оң өзгерістерге бастау болмақ

Баршамызға мəлім болғандай еліміздегі салық саясатында бүгінгі күнге дейін əртүрлі реформалар болғаны мəлім. Салық саясаты — мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін жəне шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы. Бүгінгі күні еліміздеМемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес жаңа Салық кодексі əзірленіп жатыр.

Салық – мемлекет дамуының маңызды бөлігі. Оның есебінен ел қазынасы толығып отырады. Жаңа салық кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулардың бірінші кезекте шағын жəне орта кəсіпке байланысты тұстарына тоқталған маңызды деп есептеймін. 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының халқына «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын арнады. Аталмыш Жолдауда қазіргі салық жүйесін қайта жаңғыртуға арналған Жаңа салық кодексінің енгізілуі туралы аталып өтті. Бүгінгі күні салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру кəсіпкерлік саласындағы азаматтар үшін де өзекті мəселеге айналды. Салық саласында енгізілетін жеңілдіктер бизнестің дамуына оң əсерін тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар «Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциалау қажеттігі туындап отырғандығы туралы айтты. Осының негізінде жазалау түрлерінің жеңілдеуі де берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік беру жөніндегі Мемлекет басшысының сөздері ойға қонарлық. Жаңа Жолдауында Президент салық саясатына қатысты ойын «Фискальды реформа табысты болсын десек, салықтық əкімшілендіру ісін жаппай цифрландыру керек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын-қатерлерді барынша азайтып, салық саласындағы үдерістердің ашық болуын қамтамасыз ету үшін оны тезірек электронды форматқа көшірген абзал. Бүкіл салық саясатын жиі өзгеріп жатқан фискальды ахуалға бейімдеу керек, соның ішінде салық мөлшерлемесін де қайта қараған жөн»,- деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Фариза РАНОВА,
Қоскөл ауылдық округі əкімі аппаратының бас маманы.