Ауылшаруашылығын дамыту – экономика өзегі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда өте маңызды мәселелер көтерілді. Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Президентіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды.
Жолдаудың басым бөлігі дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық және халықтың әлеуметтік мәселелеріне арналды. Халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді жоспарлар мен іс-шаралар құрылатынын және пандемиямен күресуге 1 трлн. теңге қаржы жұмысалатынын айтты. Ауыл шаруашылық кешенін дамыту үшін тез арада Үкіметке жоспар құруға тапсырма берді. Жоғары оқу орындарында жастардың салауатты өмір салты мен шығармашылығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтты. Ауылды жерде, облыстарда спорт кешендерін, балалар үйірмелерін ашуға тапсырма берді.
Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі.