Құрметті ауылшаруашылығы саласының еңбеккерлері!
Сіздерді ауылшаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өздеріңізге, еңбек ұжымына жұмыстарыңыздың әрқашан абыройлы нәтиже әкелуін тілейміз. Қиын да күрделі істе табандылық, еңбекқорлық танытқандарыңызға және адал еңбектеріңізге алғыс білдіреміз.
Бүгінгі күні жасампаз еңбекпен айналысып жүрген баршаңызға ашық аспан, зор денсаулық, амандық және ертеңгі күнге сенімділік тілейміз!
Құрметпен,
Ұлытау облысының әкімдігі.