Мемлекет басшысы: Қазақтың тамыры – ауылда

Мықты мемлекет боламыз десек, ауылды дамыту аса маңызды. Халқымыздың салт-дәстүрі, тілі мен ділі, бәрі ауылда сақталған. Президент жиында «жаһандану дәуірінде қазақты сақтау үшін, ең алдымен, ауылды сақтау керек» деген үндеу тастады.

Ауылдан шыққан мықты кәсіпкерлер көп. Іскер азаматтарды ауыл-аймақты көркейтуге шақырамын. Адал еңбекпен табысқа жеткен азамат ауылын дамытуға үлес қосқаны жөн деп ойлаймын, – деп толықтырды Қ.Тоқаев.