Жолдауда жаңалық көп
2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялағаны баршамызға мәлім. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму келешегіне қатысты мәселелер баяндалды.
2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланғаны көпшілік тарапынан қолдау тапты десек те болады. Бүгінгі таңда елімізде қарапайым жұмысшы мамандардың тапшылығы сезілуде. Сол себепті өскелең ұрпақтың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыстар атқарылатындығы мәлім. Президенттің айтуы бойынша: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді.» Адамды адам еткен-еңбек демекші, әрқайсымыз Отбасымыз, Отанымыз алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, сапалы жұмыстар атқаруға ұмтылуымыз тиіс.
Маржан БУЛЕГЕНОВА, көпбалалы ана.