Адам попиллома вирусы дегеніміз не?

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11-14 жасқа дейінгі қыз балаларға адам попиллома вирусына қарсы жаппай екпе салу жұмыстары басталды. Адам попиллома вирусы дегеніміз не? Бұл теріні жəне дененің əртүрлі бөліктерінің шырышты қабаттарын зақымдайтын, ең кең таралған вирустар тобы.

Адам попилома вирусы қандай қауіптілік төндіреді?
Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге əкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан, қатерлі ісік дамытуымен қауіпті. Оның 14-і онкогенді, яғни онкологиялық аурулардың дамуына алып келеді.
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойыны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайлары тіркеледі, 600-ден астам əйел бір жылда осы патологиядан көз жұмады. Біздің елімізде жатыр мойыны обыры барлық жастағы əйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған обырдың екінші түрі болып табылады.
Көптеген адамдарды адам попиллома вирусы алаңдатпайды, бірақ кейбір попиллома вирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке алып келуі мүмкін. Əйелдердегі жатыр мойын обырының дамуы осы попиллома вирусын жұқтырумен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми деректер бар. Попиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық байланыс жəне жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін. Көбіне вирустың ешқандай белгілері болмайды, бірақ кейде қол, аяқ, немесе басқа дене мүшелерінің терісіне сүйел ретінде көрінуі мүмкін.
АПВ ең тиімді қорғану тəсілі – вакцинация болып табылады.
Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. АПВ қарсы Вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, вакцинация 11 жастағы қыздарға ата анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДСҰ онкологтарының ұсыныстарына сəйкес тандалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
Вакцинаны енгізудегі үлкен мақсаттардың бірі еліміздегі жатыр мойын обырымен сырқаттанудың, сондай-ақ адам попиллома вирусымен байланысты өзге де қатерлі ісіктердің жиілігін төмендету. АПВ-на қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылады жəне Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстанды қоса алғанда,дүниежүзінің 135 мемлекетінде жасалынады.
АПВ-ға қарсы вакцина əйелдердің репродуктивтік қызметіне ықпал етпейді жəне бедеулікке əкеп соғуы еш мүмкін емес, ол əлемнің дамыған елдерінде көпжылдық клиникалық зерттеулер нəтижесінде дəлелденген. ДДСҰ тарапынан мақұлданған, денсаулыққа ешқандай кері əсері жоқ, қауіпсіз екпе болып табылады.
Балаларыңыздың болашағын ойласаңыздар, екпе жасатудан бас тартпаңыздар, қыздарымыздың денсаулығы тек өз қолымызда.

Жұлдызай ƏЗІМБАЕВА,
Ұлытау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы.