Жолдау – ел ертеңінің бағдары
Жолдауда көтерілген тағы бір өте маңызды мәселе – білім саласын жақсарту. Білімсіз маманның қоғамға келтірер залалы аз емес.
Келешек – білімді жастардікі. Сондықтан заман талабына сай білімді, білікті кадрлар даярлау – басты мәселелердің бірі. Президентіміз айтқандай, қазіргі кезде жоғары оқу орындары сан жағынан көз сүріндіреді, бірақ оларда білім алып, диплом алып шыққандардың біразының білімінің төмен екенін өмір көрсетіп отыр. Сапа емес, сан қуып кеткен ЖОО әлі де елімізде аз емес.
Руслан БЕГАЕВ,
музыкант.