Жолдау – оң өзгерістердің бастауы

Кемеңгер көшбасшы өз Жолдауында сан саланы қамтып, түсінікті тілмен жеткізе білді. Әсіресе, басымдық бергені дәл бүгін оқу жылының басталған тұсында оқушыларға қолжетімді әрі сапалы білім беріп, қашықтықтан оқыту жүйесі қолға алынғандығы.

Дегенмен, біздің мемлекет әлі онлайн платформаға дайын емес екендігін тілге тиек етті. Бұл ретте алдағы кезеңде арнайы бағдарлама әзірленетіндігін де жеткізді. Ал, оқушылардың қашықтықтан білім алуы — санитарлық талаптарды сақтау мен ұрпақ денсаулығының жақсаруына негіз болады. Жолдауда қамтылған барлық мәселелер ел келешегінің кемелденуіне сеп бола алады.

Эльмира ЕРШУМАНОВА,
Ұлытау аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.