Елімізде мектеп оқушыларының 80%-ның көзі нашар көреді
Қазақстандық офтальмологтар осылай дейді. Мамандар бұл гаджеттердің әсерінен болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар электронды құрылғыларға әуес.
Осының салдарынан көбінде миопия және амблиопия сырқаттары пайда болады. Бұл – көз кемістігі, затты көзге тақап ұстаудан пайда болады.
Баланың көру қабілеті туғаннан бастап 6-7 жасқа дейін дамиды. Сондықтан осы уақытта баланың денсаулығына мұқият мән берген жөн дедйі мамандар.