Жолдаудан көп ой түйдік

Мемлекет басшысы Жолдауында отбасылық-демографиялық салада жаңа саясат басталғанын жариялады. Бұл сала Жолдаудың негізгі объектілерінің бірі.

Бұл ретте, арнайы бағдарлама қабылданып, оның тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар нақты да нəтижелі орындалса нұр үстіне нұр. Мемлекет басшысының еліміздегі демографиялық ахуалды дамытуға көңіл бөлгені құптарлық іс, халық санын көбейту, балалардың мүддесін жəне денсаулығын сақтау қажет, саналы да, сауатты, салауатты ұрпақ — жарқын болашақ кепілі.
Президент Жолдауында əлеуметтік-экономикалық жəне отбасылық қатынастар саласындағы мəселелер жауапты мемлекеттік органдар мен жауапты лауазымды тұлғалар жұмысының тиімділігімен бағаланады деп көрсетті. Еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты артады деген сенімдемін.

Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі.