АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ «ЖОШЫ ХАН» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНЕ БАРДЫ
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ташеновтың ұсынысы негізінде аудан әкімі Аманжол Мырзабековтың қолдауымен 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне байланысты ардагерлер кеңесінің мүшелері Жошы хан кесенесіне арнайы сапар жасады. Бұл сапар өңіріміздің мәдени мұрасын насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ардагерлеріміз «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенін аралап, хан кесенесі, мұражай, Жошы хан ескерткіші, жорық шатыры және қордағы құнды жәдігерлерімен танысты.
Одан кейін ардагерлер Жезді кентінде орналасқан Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайына барып, сол жердің тарихымен танысты. Бұл мұражайда өңіріміздің тау-кен және балқыту өнеркәсібінің даму тарихы мен жетістіктері кеңінен көрсетілген.
Шара соңында ардагерлер мерекелік дастарқаннан дәм татып, өзара естеліктерімен бөлісті. Қызықты әңгімелер өрбітіп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. Мұндай шаралар біздің ауданымыздың ардагерлерін бір ортаға жинап, олардың өмірлік тәжірибесі мен білімін жас ұрпаққа жеткізуде үлкен рөл атқаратыны сөзсіз.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.