Меморандумға қол қойылды
Ауыл шаруашылығы саласында еліміздегі көш ілгері облыстың бірі – Солтүстік Қазақстанның тәжірибесін алу үшін қос өңір әкімдігі арасында және «Ұлытау», «Солтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) бірлескен түрде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Маңызды құжатты рәсімдеу Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен өңір фермерлерінің Солтүстік Қазақстан әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен Петропавлда өткен кездесуі барысында орын алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау бағдарламасын Ұлытау облысында да жүзеге асыруды көздейтін сапар аясында Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы қанат қақты жобаның маңызына тоқталды.
– Бұл облыстағы сүт, ет өнімдерін дайындайтын инвестициялық жобалардан тәжірибе алып, өз өңірімізде іске асыруды көздеп отырмыз. Себебі Солтүстік Қазақстанда ішкі нарықтың басым бөлігін өңірде өндірілген азық-түлік тауарлары қамтып отыр. Бұл – үлкен жетістік, көпке үлгі, – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Облыс әкімінің айтуынша, Ұлытау облысында суармалы егіншілікті дамытуға басымдық беру қажет. Ол үшін қаражат тиісті деңгейде беріледі, десе де шаруа иелерінің тәжірибе алмасуына көбірек көңіл бөлген жөн.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.