Озық тәжірибелермен танысты

Ұлытау облысының әкімі Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіп саласындағы озық тәжірибелермен танысып, әлеуметтік, мәдени саладағы жұмыс қарқынын да бағамдады.

Өңір басшысы Петропавл қаласындағы «Digital Urpaq» оқушылар сарайында, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ-музыкалық драма театрында және құрылыс жұмысы енді жүргізіліп жатқан креатив орталығында болды. Облыс әкімі Солтүстік облыстың ауылшаруашылығы саласынан бөлек, аталған орындардың да жұмыс істеу қарқынын тәжірибеге енгізу маңызды екенін жеткізді.
Сондай-ақ, Ұлытау облысының әкімі «Жасыл Солтүстік» ЖШС-на қарасты жылыжай кешеніне, ауылшаруашылығы техникаларын құрастыратын (CLASS) зауытта болды. Сонымен қатар Қызылжар ауданындағы «Зенченко и К» кәсіпкерлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысандардың, суармалы егіншілік, сүт зауытының жұмысымен танысты.

Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ.