Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

Қарағанды әкімі Ермағанбет Бөлекпаев балалар мен отбасы құқықтарын қорғау жөніндегі штаттан тыс кеңесшісін тағайындады. Бұл қызметті белгілі қоғам қайраткері, психология және медиация саласындағы маман Татьяна Савицкая атқаратын болады.

«Бүгін менің өкіміммен Қарағанды қаласы әкімінің балалар мен отбасының құқықтарын қорғау жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі ретінде Татьяна Савицкая тағайындалды. Бұл жұмыстың бағыты өте күрделі. Ол нәзік, сауатты шешімді қажет етеді. Мұнда балалық шақ, баланың құқықтарын қорғаумен байланысты мәселелерді жақсы білетін адам және сонымен бірге кәсіби, құқық саласында сауатты маман қажет. Татьяна Ивановнаның үлкен жұмыс тәжірибесі бар және барлық қажетті құзыреттерге ие», — деп хабарлады қала басшысы өзінің Facebook парақшасында.

Татьяна Савицкаяның екі жоғары білімі бар — психологиялық және құқықтық. Көп жылдан бері әлеуметтік жобалармен айналысып келеді. «Озарение» қоғамдық қорының президенті, «Диалог» жанжалдарды шешу орталығының басшысы.