Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан халқына алғыс айтып, ұлы ойшылдың шығармашылығы ортақ қазына деп бағалады
– Өзбек пен қазақ туысқан халық. Екі елдің тарихы, мәдениеті, салты мен дәстүрі бір. Біз мұны қастер тұтамыз. Қазақтың көрнекті ақыны, марқұм Несіпбек Айтұлы 2020 жылы Әлішер Науаидың ең басты еңбегі «Хамсаны» қазақ тіліне аударып, жарыққа шығарғанын ерекше ықыласпен айтқым келеді. Ал бұл шығарманың алғысөзін Қазақстан Президентінің өзі жазғаны бізге зор қуаныш сыйлайды, – деді Өзбек елінің басшысы.
Салтанатты шараға Қазақстан мен Өзбекстанның ресми делегация мүшелері, сондай-ақ екі елдің зиялы қауым өкілдері қатысты.