ҰЛЫТАУЛЫҚ ЖАСТАР БАСПАНАЛЫ БОЛА АЛАДЫ
Қадірлі жерлестер, «ULYTAU ZHASTARY» тұрғын үй бағдарламасының биыл тағы іске қосылғанын қуанышпен хабарлаймыз! Бағдарлама аясында 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар тиімді шарттармен тұрғын үй сатып ала алады.
Ол үшін Ұлытау облысының әкімдігі «Отбасы банк» АҚ бірлесіп 1 млрд.теңге көлемінде қаражат бөліп отыр.
Бағдарлама қатысушыларына жылдық несие мөлшерлемесі 6%-ды құрайды. Қарыздың ең жоғары сомасы – 20 млн теңге. Бастапқы жарна кем дегенде 10% болуы керек.
Жеңілдетілген несиелендіруге үміткерлер пулына бағдарламаның талаптарына сай келетіндер және бекітілген критерийлер бойынша көп балл жинағандар өтеді. Ол критерийлер санына некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі және т. б. әсер етеді.
Ең көп балл жинағандар қатысушылардың төлем қабілеттілігін «Отбасы банк» АҚ-айқындайды.
Бағдарламаға қатысуға өтінім беру Бейбітшілік даңғылы 26/1 мекенжайында орналасқан Жастар сарайында жүзеге асады.
Өтінімдер 2024 жылдың 7-21 тамызы аралығында сағат 10.00-18.00 аралығында қабылданады (түскі үзіліс 13.00-14.30).