Президент еңбек демалысына шықты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады», делінген хабарламада.