Тұрғындар мәселесі – назарда

Өңір басшысының қабылдауына бұл жолы 5 адам жазылды.

Жұмаш Ахметбеков аймақ басшысына ZOOM-байланыс бойынша жүгінді. Азаматты абаттандыру туралы сұрақтар қызықтырды.

«Қорғау» дағдарыс орталығының директоры Анна Рыль мен «Құқық»қоғамдық қорының директоры Ольга Рыль Жезқазған қаласының әйелдерін әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығының одан әрі жұмыс істеуі мәселесімен қабылдауға келді.

Асқар Қошанов пен Әсемкүл Байғожанова өз кезегінде цифрландыру, өңір аумағында жерлеу және Сәтбаев қаласында балаларға арналған оқу полигонын салу мәселелерімен жүгінді.

Облыс әкімі мен бейінді мекемелердің мамандары қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлығына түсініктеме берді.