ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ МӘСЕЛЕСІМЕН ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ЖҮГІНДІ

Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлының қабылдауына бас-аяғы үш азамат жазылған.

Александр Паламаренко өңір басшысына өзінің жер учаскесінде детайлинг орталық салуға рұқсат алу үшін өтініш білдірді.

Иманқұл Ескендіров өңір басшысына Ұлытау ауданы Пионер ауылы мен Ақтас кентінің электр желілері, ауыз су, жол мәселелерін жеткізді.

Ұлытау облысы әкімінің қабылдауына Наталья Артемьева да жазылды. Азамат Жезқазғандағы тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеуге қатысты өз пікірін білдірді.

Қабылдау барысында барлық өтініш берушіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, қажетті кеңес берілді.