Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ Астана саммитін жабық деп жариялады

 

«Біз ШЫҰ туының астында әрі қарай даму, өзара іс қимыл турасында мұқият пікір алмастық. Сіздер ұсынған ауқымды бастамалар ШЫҰ кеңістігінде және оның сыртында мығым бейбітшілік пен көпжақты ынтымақтастықты, орнықты ілгерілеуді қамтамасыз етуге септігін тигізетініне сенімдімін.

Түйіндей келе, Қытай Халық Республикасының аса құрметті төрағасы Си Цзиньпинге алдағы Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының төрағалық қызметінде табыс тілегім келеді», — деді Президент.