ҚҰРМЕТТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

Сіздерді бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздер облысымыздың тәртібі мен қауіпсіздігі жолында кірпік қақпай қызмет етіп келе жатқан айрықша да абыройлы мамандық иесісіздер. Зор жауапкершілік арқалап, отаншылдық қасиетті бойына берік сіңірген өздеріңіздей тұлғалар барда мемлекетіміздің іргесі мықты, татулығы тұрақты, Туы тұғырлы боларына сенім мол.

Қоғам тыныштығы мен антқа адалдық жолында атқарып жүрген қызметтеріңізге береке, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қажыр-қайрат тілеймін!

Абыройлы жұмыс істеу үшін мықтылық пен төзімділіктен бөлек, адамзат бойындағы жанашырлық қасиетті талап ететін мамандықтарыңыз жемісін берсін!

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ,
Ұлытау облысының әкімі.