Бектұров атындағы Қарағанды кітапханасында ақпарат күні өтеді
Ақпарат күні 10 ақпанда Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында өтеді. Ақпараттық-библиографиялық бөлім көрермендер назарына Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап» бейнетұсаукесерін, сондай-ақ 2021 жылға арналған атаулы және естелік күндердің үш бейнетаспасын ұсынады.
«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бастап ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен өткізіліп келеді. Биылғы жылы бүкілхалықтық оқуға танымал қазақстандық авторлардың ең үздік 30 шығармасы таңдап алынды. Бейнетұсаукесерде кітапхана қызметкерлері осы кітаптардың қайсысы өз қорында бар екенін айтып береді. Сонымен қатар, бұл туындыларды электронды форматта қалай табуға болатындығы туралы түсініктеме беріледі. Бүгінгі таңда Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының сайтында (http://kazneb.kz) 19 автордың шығармаларын табуға болады.
«2021 жылға арналған атаулы және естелік күндер күнтізбесі» атты бейнетұсаукесерде кітапханашылар Қазақстанмен, Қарағанды облысымен, Қарағандымен және кейбір шет елдермен байланысты мерейтойлық даталармен таныстырады. Сонымен қатар оқырман белгілі бір тақырып бойынша қорда қандай кітаптар бар екенін көреді.
Мысалы, биыл халық композиторы — күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толады. Оқырман осы көрнекті әйел туралы деректі және көркем әдебиетті оқи алады.
Қарағанды мен Қарағанды облысының мерейтойлық даталарына тоқталар болсақ, наурыз айында ҚазКСР Халық әртісі, әнші әрі композитор Манарбек Ержановтың туғанына 120 жыл толады. Сондай-ақ ақын Руф Тамаринаның туғанына жүз жыл толады. Қыркүйек айында Ж. Бектұров атындағы Қарағанды жасөспірімдер кітапханасының ашылғанына 45 жыл болады.
Бейнероликтерде облыстық газеттердің алғашқы нөмірлерінің шығуы туралы да баяндайды. Тоқсан жыл бұрын «Большевистская кочегарка» пайда болды. Қазіргі уақытта газет «Индустриальная Караганда» деп аталады. «Қарағанды пролетариаты» газетінің бірінші нөмірінен бері де осынша жыл өтті. Бүгінде бұл «Орталық Қазақстан» газеті.
Барлық бейнепрезентациялар 10 ақпанда кітапхананың әлеуметтік желілерінде онлайн режимде қолжетімді болады:
— Instagram: @bekturov_library;
— Facebook: Жайық Бектұров атындағы Қарағанды ОЖК;
YouTube: Ж. Бектұров ОЖК;
VK: Бектұров ОЖК.