АУДАН ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Аудан басшысы Аманжол МЫРЗАБЕКОВТЫҢ елдімекендерді көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Ұлытау ауылына кіреберіс стелла, «Хандар алаңы» мен «Бес арыс» саябағы, Кетбұқа, Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжанов ескерткіштері алаңында гүл отырғызылды.
Елдімекендерді абаттандыру мақсатында қолға алынған шара ауданға қарасты кенттер мен ауылдық округтерде жалғасын табады.
Ұлытау ауданы әкімінің баспасөз қызметі.