Қарағандылық жас боксшылар Қазақстан чемпионаттарында ерекше көзге түсті

2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионатында біздің өңірдің құрамасы командалық есепте бірінші орынға ие болды. Ақтөбеде өткен жарысқа облысымыздың 20 өкілі қатысты.

Жас боксшылардың тамаша өнер көрсетуі арқасында жеңіс оңай болған жоқ. Бірінші орынды Темірлан Кемерхан, Ислам Советов және Мадияр Тайпақов иеленді. Күмісті Дамир Байпақов, Мадияр Отар және Нұржан Думан алды. Үшінші орын Никита Мамасахлишвилиге бұйырды.

Сонымен қатар Алматыда 2003-2004 ж.т. қыздар мен 2005-2006 ж. т. жасөспірімдер арасында бокстан чемпионат өтті. Біздің команданың қоржынында төрт алтын және күміс медаль мен бес қола медаль бар.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша