Кент келбеті ажарланады

Жаңаарқа кентінде «Сәулетті келбет» жобасы іске қосылды. Нәтижесінде қос тұрғын үйдің қасбеті күрделі жөндеуден өтуде. Биыл тағы екеуін қолға алу жоспарда бар.

Ауданға кіреберіс жолдың сәулетін жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмысты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бақылады. Қазіргі таңда үйлердің іргетасы бекітіліп жатыр. Одан бөлек, металл плиткамен шатыры салынады, үйдің сырты қапталады.

Өңір басшысы аталған жұмыстармен қатар, үйлердің аумағын абаттандыру жұмыстарын да қолға алып, ағаштардың қураған бұтақтарын кесуді тапсырды.

Аудан әкімі Қанат Қожықаев «Сәулетті келбет» жобасы аясында келер жылы тағы үш үйді қалыпқа келтіру жұмысы қолға алынатынын жеткізді.