Белсенділер еңбегі еленді

Кеше «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында сайлау қорытындысы бойынша марапатталған тұлғаларға Елбасы – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын тапсыру рәсімі өтті.

Салтанатты жиынды партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жомарт Бегаев ашып, үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында өткен ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы нәтижесін қорытындылап, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқан партияластарын жеңісімен құттықтады. Саяси науқанда белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының жеңіске жетуіне үлес қосқан азаматтарға Елбасының Алғыс хаттарын салтанатты түрде табыс етті.

Рәсім аяқталғаннан кейін партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында атқарылатын істердің ауқымы өте кең болатынын атап өтті.