Қарағанды облысында нейрооңалту қолжетімді бола түсті
Қарағандыда «Луч» нейрооңалту орталығының тағы бір филиалы ашылды. Облыста бұл осы секілді бесінші нысан. Мұнда үздік мамандар, озық жабдықтар, халықаралық емдеу стандарттары шоғырланған. Жаңа медициналық мекеменің пайда болуымен бір жылда бес мыңға жуық пациент оңалтудан өте алады.
Қазір орталықтың Жезқазғанда, Теміртауда және Қарағандыда үш филиалдары жұмыс істейді. Балқашта да ашу жоспарда бар.
«Луч» нейрооңалту орталығының стратегиялық серіктесі Қазақстан Халық банкі болып табылады.
— Бұл филиал пациенттердің тәулік бойы емделуіне арналған 75 орынға есептелген. Біз мұнда оңалтудың стандартты әдістерін — массаж, физиопроцедураларды ғана емес, балшықпен емдеуді, гидротерапияны да қарастырдық. Бізде әлемдік өндірушілердің жабдықтары бар, — деді «Луч» нейрооңалту орталығының бас дәрігері Гүлнар Мәлік.
Мұнда инсульттан, нейрохирургиялық және травматологиялық операциялардан кейін қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалған. Белсенді емес науқастарға су процедураларына қол жеткізуді жеңілдету үшін арнайы көтергіш жабдықтары бар екі бассейн бар.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерінің арқасында МӘМС арқылы оңалтуға тегін қол жеткізуге болады.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек нейрооңалту орталыққа барып, 2021 жылы салынады деп жоспарлап отырған басқа да медициналық мекемелер туралы айтып берді.
— Биыл Қарағандыда облыстық көпбейінді балалар ауруханасының, Майқұдық пен Сұрыптауда екі жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы аяқталады, — деді өңір басшысы. — Сондай-ақ, болашақтың медицинасы болып табылатын нефрологиялық орталықтың, позитронды-эмиссиялық томография орталығының (ПЭТ КТ) және сәулелі терапия орталығының ашылуы күтілуде. МЖӘ аясында тағы бес емхана ашуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбектің айтуынша, жазда Қарағандыда 330 төсектік облыстық клиникалық аурухана, Балқаштағы БМСК орталығы, Х. Мақажанов атындағы ауруханада жаңа ғимарат және Ұлытау ауылында ОАА салынады.
Осы жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысының барлық орталық аудандық ауруханалары жөнделетін болады.
Фото: Дмитрий Кузмичёв