«Рухани жаңғыру» бағдарламасының үздік идеялар жинағына Қарағанды облысының екі жобасы енді
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты өңірлерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған үздік жобалар жинағын қалыптастырды. Оған Қарағанды облысының екі жобасы — «Ұлттық қызмет» және «Қасым кітапханасы» кірді.
«Ұлттық қызмет» жобасы аясында қоғамдық іс-шаралар мен танымал адамдар өмірлік құндылықтарды қарастырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының рөлі туралы пікірлерімен бөліседі. Жобаның кейіпкерлері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан, академик Төрегелді Шарманов, айтыскер, ақын Жүрсін Ерман, академик Дихан Қазмабекұлы, актер Тілектес Мейрамов, бизнесмен және меценат Ерлан Әшім және т. б. болды.
«Қасым кітапхана» жобасының мақсаты — қазақ авторларының балалар мен жасөспірімдерге арнап жазған туындыларын түгендеу, сондай-ақ шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аудару. Осы жоба аясында 13 кітап жарық көрді. Жыл сайын 52 кітап шығару жоспарлануда. «Менің атым Қожа», «Алмаз тас», «Қар қызы», «Қорғау», «Қылау», «Махаббат, қызық мол жылдар», «Қамбар батыр», «Ит жүрегі», «Әке», «Ергежейлілер еліне саяхат», «Арпалыс 1, 2, 3», «Жел ескегі», «Кішкентай шахзада», «Үш Ноян» сияқты кітаптар жарық көрді.
«Қасым кітапханасы» жобасының демеушісі «Нәтиже» ЖШС директоры Ерлан Әшім.