Президент мемлекеттік қызметте «командамен көшу» үрдісі әлі тыйылмай отырғанын сынға алды
Осыған орай Президент Әкімшілігіне, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке бұл мәселені қатаң бақылауға алуды, мұндай әрекеттерге батыл тосқауыл қоюды тапсырды.
«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке заң жүзінде қосымша құзырет беру қажет деп санаймын. Олар еліміздегі кадр саясатына конструктивті тұрғыдан ықпал ете алуға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумында.