Арқаның азаматы – 60 жаста (Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТҰЛЫНА)

Адал ұлы халықтың,
Демеген істен жалықтым.
Құтты болсын Ахатжан,
60-қа келіп қалыпсың.

Алланың сүйген құлысың,
Еліңе сіңген ірі ісің.
Тұғыры биік елдегі,
Тұлғалардың бірісің.

Алла өзіңді қорғасын,
Əулиелер қолдасын.
Өмірдегі жолыңда,
Еш кедергі болмасын.

Жақсылыққа əр кез бастасын,
Кедергілерді жолыңнан.
Алла өзі ысырып тастасын.

Ел үшін сен баласың,
Бала боп солай қаласың.
Алла өзіңе жар болсын,
Асуды талай аласың.
Бақ қонып, қыдыр қарасын,
Атақ-даңқын елге тарасын.

Жақсыға Алла жақсылық тосады анық,
Шаңырағың биік болсын, босағаң нық.
Ұрпағыңның қуаныш, қызығын көр,
Аяулы қосағыңмен қоса ағарып.
Əмин!

Мағзұмбек МАШАЙЫҚҰЛЫ.