Қарағанды облысының мемлекеттік органдарына тұрғындардан 56 мыңнан астам өтініш келіп түсті

2020 жылы Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 56 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Аппараттық кеңесте облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Бақтияр Айешов өтініштермен жұмыс қалай жүргізіліп жатқанын баяндады.

Қала және аудан басшыларының жеке қабылдауына 2 242 адам келді, облыс басшылығына 174 тұрғын жүгінді.

Өңір бойынша ашық фронт-кеңселер жұмысын жалғастыруда. Мысалы, Open Karaganda қызметкерлері 4 351 тұрғынның мәселесін шешуге көмектесті.

Негізгі жаңалықтардың бірі «Е-Өтініш» пилоттық жобасын іске қосу болып табылады. Жүйе халықпен кері байланысты жылдам әрі тиімді қолдауға мүмкіндік береді.

— «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында біз өңір тұрғындарының әрбір өтінішіне уақытылы және сапалы жауап беруге тиіспіз, — деп атап өтті Қарағанды облысының басшысы Жеңіс Қасымбек. — Қалалар мен аудандар әкімдеріне өтініштер бойынша жұмысты ерекше бақылауға алуды, олардың сапалы әрі уақтылы қаралуын қамтамасыз етуді тапсырамын.