Телеграм-арнада Қарағанды облысының мүгедектігі бар тұрғындарын қолдау үшін чаттар құрылды
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы шеңберінде Қарағанды облысының Денсаулық сақтау және білім басқармалары мүгедек адамдарды, сондай-ақ мүгедек балалары бар ата-аналарды қолдау үшін телеграм-чаттар ашты.
Қаңтарда екі чат та іске қосылды. Мұнда бөлім басшыларына, сондай-ақ әртүрлі мамандарға сұрақтар қойып, кеңес алуға болады. Денсаулық мәселелері бойынша «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» чатына, мүгедек балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша — «Қарағанды облысында инклюзивті және арнайы білім беру» чатына хабарласу қажет.
Сұрақтар көбінесе бірдей болғандықтан, мамандар оларға арнада жауап береді. Техникалық мүмкіндіктің арқасында «телеграмды» пайдаланушылар бұрын қойылған барлық сұрақтарды қарап, өздері үшін толық жауап таба алады.
Мұндай чаттарды құру идеясын мүгедектігі бар адамдар мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші Нияз Сүндеталиев айтқан болатын. Ол мұндай байланыс мемлекеттік органдардың халықпен тиімді өзара іс-қимылын жолға қоюға көмектеседі деп санайды.
— Бүгінде технологиялар біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Көбінесе мүгедектігі бар адам ресми хатты қалай рәсімдеу, оны қайда жіберу керектігін білмейді. Бұл жағдайда мұндай чаттар бюрократиялық аспектілерді алып тастайды, ал мамандар қажет адамдарға тез көмектеседі. Себебі, мүгедектігі бар көптеген адамдар Қарағанды облысында олар үшін іске асырылған мүмкіндіктер туралы әлі күнге дейін білмейді, — дейді Нияз.
Ағымдағы айдың соңына дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қатысуымен телеграм-чат ашу жоспарлануда.