Қарағанды облысында 1 300 шақырым автожол жөнделеді

Қарағанды облысындағы жалпы пайдаланудағы 1 300 км автожол жөнделеді және Республикалық маңызы бар трассалар учаскелерін қайта жаңарту жалғасады. 2021 жылға арналған даму жоспарларын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әскербек Халтонов өңір әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен өткен онлайн-кеңес барысында мәлімдеді.

2021 жылдың басым міндеттерінің бірі — Қарағандыны аудан орталықтарымен және облыс кенттерімен байланыстыратын 24 автобус маршрутын жолға қою.

25 қаңтардан бастап облыс тұрғындарының өтініштері бойынша күн сайын Қарағанды — Жезқазған пойызы жүретін болады.

Наурызда Fly Arystan Әуекомпаниясы Шымкент пен Атырауға ұшуларды жаңартуы тиіс.

Сонымен қатар, облысішілік Қарағанды — Жезқазған авиамаршрутында биылдан бастап Qazaq Air жаңа авиакомпаниясы жолаушылар тасымалын бастады. Осының арқасында тарифті 12 мыңнан 10 мың теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

Облыстың көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Жалпы пайдаланудағы 1 300 шақырым автожолды жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр. Қарағанды бойынша 23 шақырым жол жөнделеді.

Облыс үшін негізгі жоба Қарағанды — Балқаш және Балқаш — Бурылбайтал учаскелерін қайта жаңартуды жалғастыру болып қала береді.

Қарағанды — Саран — Шахтинск автожолын күрделі жөндеу, Жартас-Долинка проблемалық учаскесінің 21 шақырымын және Қарағанды — Үштөбе — Құрылыс жолын қайта жаңарту жалғастырылады.

Нұра — Шахтер (Нұра ауданы) бағыты бойынша автожолдың 20 шақырымын қайта қалпына келтіру басталады.

Бұқар Жырау ауданында жалпы ұзындығы 17 шақырым Новодолинка — Шахан — Молодецкое автожолын қайта жаңарту жалғасады.

Осакаров ауданында жалпы ұзындығы 12 шақырым Осакаровка — Молодежное автожолының учаскесі жөнделеді.