Жүйелі жұмыс – жетістік кепілі
Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мақсұт ОСПАНОВТЫҢ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы қорытынды есебі
Экономиканың нақты секторы Өнеркәсіп
Ұлытау ауданы бойынша шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемінің көрсеткіштері 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2800,3 млн. теңгеге орындалды. Ол 2019 жылдың сәйкес мерзімінде 3781,5 млн. теңгені құраған. АКИ (айғақтық көлем индексі) – 84,8%.
Атап айтқанда:
— Тау-кен өнеркәсібі – 2557,8 млн. тг, АКИ – 87,4%. 2019 жылы бұл көрсеткіш 2810,2 млн. теңгені құрады.
— Өңдеу өнеркәсібі – 155,3 млн. тг, АКИ – 61,5%. 2019 жылы 244,1 млн. теңгені құрады.
— Электр энергиясымен жабдықтау – 18,4 млн. тг, АКИ – 155,5 %. 2019 жылы 11,3 млн. теңгені құрады.
— Сумен жабдықтау – 68,6 млн. тг, АКИ – 71,8%. 2019 жылы 74,9 млн. теңгені құрады.
«Форпост» ЖШС Сарысу селосының Үшшоқы кен орнында құрамында алтыны бар металл кендерін өндіру бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында құрамында 43,6 мың тонна алтыны бар кен өндірді. Сомасы – 1364,4 млн. теңге.
«Көмір Қияқты» ЖШС Бай- қоңыр селосы, Қияқты кен оры- нында 2020 жылдың қаңтар-жел- тоқсан айларында 59,7 мың тонна көмір өндірді. Сомасы – 199,4 млн. теңге.
«Самға» ЖШС Жезді кентінің Никольск кен орнында малтатас, қиыршық тас, тас үгіндісін 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 162,5 мың куб өндірді, сомасы – 818,9 млн теңге.
Тау-кен өнеркәсібінде көр- сетілген техникалық қызметтер – 175,0 млн. теңге.
Ауыл шаруашылығы
Ұлытау ауданы бойынша 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айында ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі 22652,4 млн.тг орындалса, 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан- да 20542,7 млн.тг өндірілді. АКИ 103,5 % құрады.
Аудан бойынша мал мен құ- стың тірі салмақта 2020 жылы қаңтар-желтоқсанда 13009,0 тонна болса, 2019 жылы желтоқсан ай- ында – 12595,0 тонна. (2019 жыл- дың тиісті кезеңімен салыстырған- да 3,3%-ға өсім байқалды).
Сүт өнімі 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 34583,2 тонна болса, 2019 жылы желтоқсан ай- ында 33827,2 тонна өндірілді (2019 жылдың тиісті кезеңінен 2,2%-ға өсім байқалды). Қаңтар-желтоқ- сан айларында 1005,0 мың дана болса, 2019 жылдың желтоқсан айында 973,6 мың дана орындал- ды (2019 жылдың тиісті кезеңінен 3,2%-ға өсіп отыр).
Ірі қара мал саны 2020 жыл- дың қаңтар-желтоқсан айы бойынша 54,4 мың басты құрады. 2019 жылғы желтоқсанда 49,6 мың бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 109,6 %-ды құрады. Ұсақ малдар, яғни, қой-ешкіні қоса алғанда 2020 жылғы желтоқсандағы көрсеткіші 121,9 мың бас болды. 2019 жыл қорытындысы бойынша 120,5 мың бас, былтырғы жылмен салысты- рғанда 101,2% құрады.
Жылқы 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 40,4 мың бас. 2019 жылдың желтоқсан айында 35,6 мың бас, былтырғы жылмен салыстырғанда 113,5 %-ды құрады.
2020 жылдың қаңтар-желтоқ- санында құс саны 11,1 мың бол- ды. 2019 жылы 8.8 мың болып, 126,8 %-ды құрады.
2019 жылы қаңтар-желтоқсан айларында 20542,7 млн. теңге орындалған.
Аудан бойынша мал мен құс тірі салмақта 2019 жылы желтоқ- сан айында 12595 тонна болса, 2020 жылы желтоқсан айында 13009,0 тонна (103,3%) орындалды.
Сүт өнімі 2019 жылдың желтоқсан айында 33827,2 тонна бол- са, 2020 жылы желтоқсан айында 34583,2 тонна (102,2%) болды.
Жұмыртқа 2019 жылы желтоқсан айында 973,6 мың дана болса, 2020 жылдың желтоқсан айында 1005,0 мың дана (103,2%) орындалды.
№ | Ауыл шаруашылық өнімі түрі, мың. тонна | 2019 желтоқсан | 2020 желтоқсан | 2019 % 2020 |
1 | Ет (тірі салмақта.тонна) | 12595 | 13009 | 103,3 |
2 | Сүт (тонн) | 33827,2 | 34583,2 | 102,2 |
3 | Жұмыртқа, мың дана | 973,6 | 1005,0 | 103,2 |
2020 жылы желтоқсан айында ірі қара 51401 бас,109,6% болды (2019 жылы – 49638 бас). Ұсақ мал 121852 бас 101,0% болды (2019 жылы – 120537 бас). Жылқы – 40418 бас, 113,5% орындалды (2019 жылы – 35600 бас). Құс –11 117 бас, 126,8% орындалды (2019 жылы – 8764 бас).
Мал түрі | 2019 жыл желтоқсан | 2020 жыл желтоқсан | 2020% 2019 | |
Ірі қара | 49638 | 54401 | 109,6 | |
Қой-ешкі | 120537 | 121852 | 101 | |
Жылқы | 35600 | 40418 | 113,5 | |
Құс | 8764 | 11117 | 126,8 |
2020 жылы егін жинау барысы туралы ақпарат:
Бүгінгі таңда егістік алқаптың жалпы көлемі – 26,0 мың га (2019 жылы – 26,0 мың га) құрады (100%). Картоп – 43га (2019 жылы – 43 га), (100%). Бау-бақша – 12 га (2019 жылы 12 га.) құрады (100%).
Бүгінгі күнге жалпы аудан бойынша 28600 тонна өнім алынды. Әр гектардан түсімі – 11 ц/га (2019 жылы 7 ц/га), (157,1%).
Картоп және көкөністің 2020 жылғы жалпы жиыны туралы ақпарат:
Көкөністің орташа түсімі 280 ц/ га болып, 12 га (100%) жиналды, алынған өнім көлемі 336 тонна болды. Картоп 250 ц/га болып, 43 га жиналды (100 %), өнім – 1075 тг.
Аудан бойынша 205 мың тонна мал азығын жинау тапсырмасы беріліп, бүгінгі күнде кент, ауылдық округ бойынша 205 мың тонна (100% ) мал азығы тасылып алынды.
Ауыл шаруашылығы саласы бағдарламалары арқылы ірі қара – 368 бас, 111 млн.теңгеге сатып алды. Ұсақ мал алуға бүгінгі күнде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 8 жобаның құжаттары жиналып, 1865 бас 82,9 млн.теңгеге сатып алынды.
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 7 жоба қарастырылып 174 млн.теңге несиеге өтініш беріліп, 165 млн. теңгеге 6 жоба несие алды. 1 жоба қарастырылуда.
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 204 млн. тг және «Агронесиелік Корпорация» АҚ арқылы 94,7 млн. тг несие қаражаты бөлінді. Жалпы аудан бойынша 298,7 млн. тг несие жоспары берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Агронесиелік Корпорация» АҚ «Ұлар» НС арқылы 105 жоба мақұлданып, 380,5 млн.теңге алынды.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану, жоспарын әзірлеу және жайылымдардың айналым схемаларын ұсынған аудан бойынша 11 ауылдық округтер ауыл шаруашылығы бөліміне жоспарын дайындап өткізді. 4 ауылдық округ, карта схемаларын өткізді. Қалған ауылдық округтер (Жанкелді, Жезді, Аманкелді, Қоскөл) жұмысын әлі бастамады.
Мал бордақылау алаңдарына бұқашықтарды өткізу барысында 1600 бас жоспардың 1548 басы (96,8%) «СПК Сарыарқа» және «Жәке» шаруа қожалығына тапсырылды. 2019 жылы 2746 бас жоспарланған болатын, 2019 жылы – 1304 бас (47,4%) «АгроЭкспорт ЛТД» ЖШС, «Жәке» шаруа қожалығына және ТОО «АПХ Сарыарқа»-ға тапсырған.
Ауданның ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту мақсатында 2020 жылы 50 техника алу жоспары бекітілген болатын. Бүгінгі күнде 50 дана (100%) техника аудан бойынша сатып алынды.
Ауыл шаруашылығы бойынша негізгі капиталға инвестиция тарту мақсатында 593.6 млн. тг ауданның шаруа қожалықтарымен инвестиция тартылды. Оның ішінде: Жайылымдарды суландыру бағдарламасын орындау мақсатында аудан бойынша 62 ұңғыма қаздырып, құжаттарын жинақтап, субсидия алу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тауар өндірушілер 238 күн сәулесі арқылы тоқ қуатын беру панельдерін орнатып, бюджеттік субсидияларын алды.
Селекциялық асылдандыру жұмыстарына өткен 2020 жылы 10163 бас аналық ірі қара малы қатысты, мал басына шаққанда 33,5 % құрады.
Инвестиция
Салушылардың меншік нысаны бойынша негізгі капиталға 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 4733,1 млн. тг инвестиция салынды. АКИ 5,6% құрады. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айында инвестиция көлемі 83745,5 млн. теңгені құраған.
Оның ішінде:
Ауылшаруашылығы саласында – 650 млн теңге;
АҚ ҰК ҚТЖ – 1200 млн теңге;
АҚ ГазТрансОйл – 320 млн теңге;
Бюджет саласында – 2563 млн теңге.
Инвестиция көлемінің төмендеу себебі 2019 жылы Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша газ тарту есебінен көбейіп отыр.
Шағын кәсіпкерлік
2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 1721 шағын орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, 2019 жылдың сәйкес мерзімінде 1551 (111,0%) шағын орта кәсіпкерлік субъектілері болды. 2020 жылы аудан әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы 30 млн. теңге гранты 38 жобаға үлестіріліп берілді. Бүгінгі таңда 38 кәсіпкердің 33-і бизнестерін ашып жұмыстарын жүргізуде. Қалған 5 кәсіпкер 2021 жылдың І тоқсанында ашады.
Шағын бизнес саласында 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына 1753 ШОБ тіркеліп, 1719 ШОБ жұмыс жасауда. 2019 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына бұл көрсеткіш бойынша 1579 ШОБ (111,0%) тіркеліп, 1540 ШОБ (111,6%) белсенді жұмыс жасаған.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларына бөлшек тауар айналымы 324 млн. тг құрады (АКИ – 85,8%). 2021 жылдың қаңтар айына 39 млн тг болады деп күтілуде (2019 қаңтар – 38,9 млн тг).
Әлеуметтік маңызы бар азықтүлік тауарларының бағалары туралы
Әлеуметтік азық-түліктің бағасын өсірмеу мақсатында 2020 жылға ауыл, кент округтерінде азық-түлік бағаларына 10 пайыздан артық үстеме қоспау жөнінде жеке кәсіпкерлермен 61 меморандум жасалды. Оның орындалысын қамтамасыз ету мақсатында аудан дүкендеріндегі азық-түлік бағаларына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі.
Сонымен қатар бағаны тұрақтандыру мақсатында Ұлытау ауданында жәрмеңкелер өткізіліп келеді.
Алдағы уақытта «Ұлы дала» гипермаркетінің басшылығымен Ұлытау селосы және Жезді кентінде минимаркеттер желісін ашу туралы келіссөздер жүргізілмекші.
Құрылыс
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы құрылыс жұмыстарының көлемі 3124,0 млн.тг құрады, АКИ –4,8 %. 2019 жылдың тиісті кезеңінде 64163,3 млн. тг жұмыс жасалды.
Тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 4290 шаршы м., өткен жылмен салыстырғанда 48,5%-ға орындалып отыр. 2019 жылдың сәйкес мерзімінде 8851 шаршы м. орындалған.
Автокөлік жолдары
Аудан аумағынан 1305 шақырым автокөлік жолдары өтеді. Оның ішінде 618 шақырым республикалық дәрежедегі, 474 шақырым облыстық дәрежедегі және 213 шақырым аудандық дәрежедегі жолдар бар.
Бүгінгі күні аудандық дәрежедегі автокөлік жолдарының 62 шақырымы жақсы (29,1%), 91 шақырымы қанағаттанарлық (42,7%) және 60 шақырымы қанағаттанғысыз жағдайда (28,2%).
2019 жылдың 12 айында жергілікті дәрежедегі автокөлік жолдарының сапасын арттыру мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылды:
Жезді кентіне кіреберіс 5 шақырым автокөлік жолына 43 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды.
Борсеңгір селосына кіреберіс 20 шақырым автокөлік жолына 988 000 мың тг, Қорғасын селосына кіреберіс 27 шақырым автокөлік жолына 1 700,0 мың тг, Егінді селосына кіреберіс 32 шақырым автокөлік жолына 1 100,0 мың тг, Терісаққан селосына кіреберіс 44 шақырым автокөлік жолына 2 678,2 мың тг, Жыланды селосына кіреберіс 20 шақырым автокөлік жолына 866,0 мың тг, Сарлық селосына кіреберіс 30 шақырым автокөлік жолына 500,0 мың тг, Мибұлақ селосына кіреберіс автокөлік жолына 1 100,0 мың тг қаржы бөлініп, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.
2020 жылдың 12 айында Қорғасын селосына кіреберіс 6,5 шақырым автокөлік жолына 30 000,0 мың тг жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері – «Ұлытау-Тасбұлақ» ЖШС.
Аудандық дәрежедегі «Терісаққан селосына кіреберіс 0-40 шақырым» автокөлік жолында орналасқан «Ұлжансайға» 32 480,0 мың тг 4 су өткізгіш тұрба орнату жұмыстары аяқталды, мердігері – «Астана Бурабай Project» ЖШС.
«Қияқты сайға» 20 971,606 мың тг 3 су өткізгіш тұрба орнату жұмыстары жүргізілді және осы жолға 30 141,822 мың тг ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігері – «Мухышев Даулет Макуевич» ЖК.
Қарсақбай кентінің жаяу жүргінші көпіріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаржысы – 35 млн.104 мың теңге. 2020 жылдың 9 айында Ұлытау ауданы аумағынан өтетін автокөлік жолдарында төмендегі жұмыстар жүргізілуде:
Аудандық дәрежедегі Жыланды селосына кіреберіс 20 шақырым көлік жолына 326 065,635 мың тг, мердігері – «Жилстроймонтаж» ЖШС. Бүгінгі күнге келісімшартты бұзу рәсімдері жүргізілуде.
Жезді кентінің 7,2 шақырым көлік жолдарына «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 167 490,2 мың тг жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігерлері: «Дорстрой материал LTD» ЖШС, «Құсайын Жолы» ЖШС және «ДК Құрылысшы» ЖШС.
Ұлытау селосының 9,3 шақырым ішкі көше жолдарын жөндеуге 399296,6 мың тг қаржы қаралды. Оның ішінде: 6,15 шақырым көлік жолдарын жөндеуге аудандық бюджеттен 298 201,4 мың тг және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 3,15 шақырым көлік жолына 115 151,2 мың тг жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігері – «Алмас Құрылыс» ЖШС. Жұмыстар толық аяқталды.
Мибұлақ және Қаракеңгір селоларының 1,362 шақырым ішкі көше жолдарына 14 781,0мың теңгеге жөндеу жұмыстары аяқталды. Мердігерлері – «Форфест» ЖШС және «Алмас Құрылыс» ЖШС.
Облыстық дәрежедегі «Қаракеңгір-Ұлытау» бағытында 865 823,0 мың тг «Ұлытау-Бозтұмсық-Малшыбай- Сәтбаев» бағытында 15 шақырым (25-40 шақырым аралығы)көлік жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері – «Алмаз Құрылыс» ЖШС. Бүгінгі күнге 10,2 шақырым көлік жолына асфальт төселді.
«Малшыбай-Алғабас» бағытында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді (белое шоссе). Мердігері – «ДК Құрылысшы» ЖШС.
«Жезді-Қарсақбай-Байқоңыр-Қоскөл» бағытындағы көлік жолына облыс тарапынан күтіп ұстауға 45 млн. тг қаржы қаралды. Мердігері – «Құрылысшы ДК» ЖШС. Бүгінгі күнге мердігер 100 шақырым автокөлік жолын қыру және жол бетіне материал қосу арқылы тегістеу жұмыстарын жүргізді.
Республикалық дәрежедегі «Жезқазған-Петропавловск» бағытында 38 шақырым автокөлік жолына (68-73, 85-97, 132-143 шақырым аралығы) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігері – «АРМ Строй» ЖШС.
ДЭУ-44 мекемесі «Жезказған-Қарағанды» бағытындағы автокөлік жолының 800 м2 ағымдағы (ямочный) жөндеу жұмыстарын жүргізді, шілде айында қосымша 300 м2 жасалады.
Ұлытау ауданы бойынша 2020-2021 жылдардағы қысқы жылу беру маусымына дайындық барысы
Аудан бойынша 2020-2021 жылдардағы қысқы жылу беру маусымында 29 автономдық жылу жүйесі және 1 Қарсақбай металлургиялық заутының локалды қазандығы жұмыс атқаруда. Осы 29 автономды жылу жүйесінде 60 жылу қазандығы бар, оның 10-ы резервтік. Оның ішінде мәдениет нысандары – 3, денсаулық нысандары – 3, білім беру нысандары – 19, спорт нысандары – 1, бюджеттік мекемелер – 3 және Қарсақбай металлургиялық зауыты – 1.
Аудан әкімінің 2020 жылдың 25 қыркүйектегі №45 өкіміне сәйкес, ауданда жылу беру маусымы барлық әлеуметтік-мәдени нысандарда 2020 жылдың 1 қазанынан және село, кент әкімдіктерінде, басқа да мекемелерде 10 қазаннан басталды. Аудандағы 56 әлеуметтік-мәдени нысанның 55-інде жылу беру басталды. Оның ішінде:
— 23 білім беру нысанының 23 нысанында (100%);
— 17 мәдениет нысанының 17 нысанында (100%);
— 1 спорт нысанының 1 нысаны (100%);
— 15 денсаулық нысананың 15 нысаны (100%).
2020-2021 жылдардағы қысқы жылу беру маусымына ауданның бюджеттік мекемелеріне қажетті 9595 тонна көмір толық тасымалданды (100%).
Оның ішінде:
— Білім беру нысандарына – 6270 тонна, мердігері – «Aлаш Транс KZ» ЖШС, тасымалданған көмір – 6270 тонна (100%);
— Денсаулық сақтау нысандарына – 550 тонна, мердігері – «AmiDa Group» ЖШС, тасымалданған көмір – 550 тонна (100%);
— Спорт нысандарына – 172 тонна, мердігері – ЖК «Дулат», тасымалданғаны – 172 тонна (100%);
— Мәдениет нысандарына – 1419 тонна, мердігері – «Тайшикова» ЖШС, тасымалданған көмір – 1419 тонна (100%);
— Бюджеттік мекемелерге – 360 тонна, тасымалданған көмір – 360 тонна (100%);
– Басқа да мекемелерге (Тасбұлақ, ІІБ, өрт сөндіру бөлімі) – 825 тонна, тасымалданған көмір – 825 тонна (100%).
Қарсақбай металлургия зауытына қажетті 5000 тонна көмірдің 3500 тоннасы тасымалданды (70%).
2020-2021 жылдардағы қысқы жылу беру маусымына дайындық барысында Ұлытау ауданы бойынша 93 591 954 теңгеге 8 автономды жылыту жүйелерін орнату жұмыстары жүргізілуде (АЖЖ). Оның ішінде, білім беру нысандары бойынша 5 автономды жылыту жүйелерінің қазандығы орнатылды:
— №2 Қорғасын мектебі және №7 Сарысу мектебі жылу қазандықтарын орнату аяқталды.
— Қарсақбай кентінің «Балдәурен» балабақшасының жылыту қазандықтарын орнату жұмысы аяқталды.
— Жезді кентінің «Айгөлек» бала бақшасына жаңа модульді қазандықты орнату жұмыстары аяқталды.
— Борсеңгір селосының №10 мектебіне жаңа модульді қазандықты орнату жұмыстары аяқталды.
Мәдениет нысандары бойынша 3 қазандықты орнату жұмыстары жүргізілді:
— Байқоңыр, Сарысу және Қарсақбай ауылдық клубтарына жылыту қазандықтарын орнату аяқталды.
Қысқы жылу беру маусымына дайындық барысында жоспарланған 2,53 шақырым ауыз су желілерімен кәріз желісінің 2,53 шақырымы айырбасталды. Оның ішінде: Қарсақбай кентінде – 200 метр, Терісаққан селосында – 50 метр, Шеңбер селосында – 50 метр, Қаракеңгір селосында – 1,6 шақырым ауыз су желілері және Жезді кентінде 630 метр кәріз желісі айырбасталды.
Жылу беру маусымына дайындық барысында ауданда орналасқан мекеме, ұйымдардың 2,6 шақырым ішкі жылу жүйелері айырбасталды. 56 әлеуметтік-мәдени нысан дайындық паспортын алды (100%). Оның ішінде:
Денсаулық сақтау – 15 нысан, 100%;
Білім беру – 23 нысан, 100%;
Мәдениет – 17 нысан, 100%;
Спорт – 1 нысан, 100%.
Жылу маусымы қалыпты өтуде. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өзгерістер жоқ.
Тұрғын үй бойынша
2019 жылдың 12 айындағы есеп бойынша Тұрғын үй жинақ банкінің «Нұрлы жер» бағдарламасының «Бақытты отбасы» жобасы арқылы 2 отбасы үй алған болса, 2020 жылдың 12 айында 5 отбасы осы бағдарлама арқылы үйлі болып отыр.
Ұлытау ауданы бойынша 01.10.2020 жылғы жағдай бойынша 147 адам тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұр. Олардың ішінде 28 отбасы «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекке қойылған. Оның сыртында Жезді кентінде кезекте тұрған тұрғындарды тұрғын үймен қамту мақсатында аудандық бюджеттен 25 млн. теңге бөлініп, бүгінгі күні 7 тұрғын үй конкурска түсіп, талапқа сай келетін 1 тұрғын үй сатып алуға құжаттары заңдастырылуда. Оның сыртында тағы техникалық талаптары жеңілдетіліп, конкурс берілді.
Ауыз су және кәріз желісі бойынша
2019 жылдың 12 айында Борсеңгір селолық округіне су құбырларын қайта қалпына келтіру жұмыстарына ЖСҚ әзірлеуге 5100,0 теңге бөлініп, конкурс өткізілді. Жеңімпазы ЖШС «Жезказганпроект». Қазіргі таңда толығымен ЖСҚ әзірленді. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптамадан өткізіледі.
Ұлытау селосы ішіндегі ауыз су құбырларын жөндеуге 376 млн теңгеге ЖСҚ дайындалды. ЖСҚ қазіргі таңда жеке сараптамадан өтті.
2020 жылы ауыз-су құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге, аудандық бюджеттен Терсаққан селосына 8 млн. тг және Бетбұлақ селосына 11 млн. теңге бөлінді.
Ұлытау ауданында орналасқан ауыз су желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге, биылғы жылы Терісаққан селосына ауыз су желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарына 6 300,0 мың теңге қаржы қаралып жұмыстар аяқталды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 18 750,0 мың теңгеге «СК парламент» ЖШС Жезді кенті, Сәтбаев көшесінде Жезді өзені арқылы өтетін су құбырлары және кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасады. Ұзындығы 148 метр ауыз су желісі мен 110 диаметрлік пластикалық ауыз су құбырын дәнекерленді.
Сарысу ауылдық округінде 3 500,0 мың теңгеге ауызсу желісінің мұнарасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Коммуналдық төлемдер бойынша
Ұлытау ауданы бойынша коммуналдық төлем алатын 7 санат бойынша тізімде 1240 адам бар. 2020 жылдың сәуір айына барлық өтініш жазған адамдардың саны – 1007. Аталған 1007 өтініштің 127- іне төлеуден бас тартылды. Себебі, 52 өтініштің жеке шоттары жоқ, 35 өтініш бір үйде тұратындар және 40 өтініш бірнеше санатта барлар.
Қазіргі таңда аудан бойынша 1007 өтініштің, 880-іне 13 200000 тг «Казэнергоцентр» ЖШС шотына аударылды. Аудан бойынша коммуналдық төлем алатын тізімге сәйкес, 2020 жыл мамыр айында 852 адам өтініш жазған. Аталған 852 өтініштің 582-іне мамыр айында 8 730 000 теңге толықтай игерілді. Қалған 300 өтініштің жұмыстары шілде айының соңына дейін толықтай орындалып, сомасы 4,5 млн теңге болатын қаржысы «Казэнергоцентр» ЖШС шотына аударылады. Жалпы сомасы – 1 323 0000 теңге.
Абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық бойынша
Ұлытау ауданының елді мекендерінде сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша көктемгі екі айлықта атқарылған жұмыстар төмендегідей:
27.03.2020 жылы Ұлытау ауданының кенттік, селолық елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша ағымдағы жылдың 13 сәуірінен 13 маусым аралығында көктемгі екі айлықты өткізу туралы аудан әкімінің №12 өкімі шықты. Осы өкімге сай, кенттік, селолық округтерде іс-шаралар дайындалып және елде болып жатқан төтенше жағдайды ескере отырып барлық мекеме – ұйымдар тазалық жұмыстарын жүргізуде. Өкімге сәйкес, 25 сәуір мен 23 мамыр облыстық сенбілік және 16 мамыр мен 6 маусым аудандық сенбілік болып бекітілді. Әр жетіде «Таза бейсенбі» күндері 8 рет өткізілді. Көктемгі екіайлық барысында аудан бойынша 2 рет облыстық, 2 рет аудандық сенбілік өткізілді. Оның қорытындысы бойынша 177 ұжымнан өспелі қорытындысымен 2217 адам қатысты,76 техника шығарылды, оның ішінде 23 жүк тиегіш. Барлығы 8860 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар, күл-қоқыс сыртқа шығарылды. Әктелген үйлер 1895, 89,8%Тазартылған аумақ – 2613 гектар. Рұқсат етілмеген қоқыстар – 100 (Ұлытау селосында — 13, Аманкелді селосында — 5, Қаракеңгір селосында — 11, Терісаққан селосында — 2, Жезді кентінде — 21, Қарсақбай кентінде — 3, Ақтас кентінде — 2, Сарысу селосында — 11, Борсеңгір селосында — 25, Қоскөл селосында — 7), кесілген ағаштар – 315 дана. Отырғызылған ағаш – 720 түп. Отырғызылған көшет – 167.Өткізілген рейдтер – 83,тұрғындармен өткізілген жиындармен кездесулер – 64. Жөнделген жарық көздері – 323 дана.
Қаржыландыру көрсеткіштері
Аудан бюджетінің кірістер бөлігі бойынша қаңтар-желтоқсан айларындағы орындалысы 6 млрд 809,3 млн.теңге немесе жоспарды 102,9 пайызға, өткен жылмен салыстырғанда 126,8 пайызға орындап отыр.
Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
Жұмыспен қамтудың жол картасы
Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде 3 бюджеттік инвестициялық, 14 ағымдағы, барлығы 17 жоба іске асырылады. Жобалардың жалпы құны – 1 млрд 966 млн. 545 мың тг. Конкурс нәтижелері бойынша үнемделген қаржы 253 млн. 796 мың тг жоғары бюджетке қайтарылды. Бүгінгі күнге өзгертілген жоспары 1 млрд 712 млн 749 мың теңгені құрайды.
Игерілген қаржының көлемі 1 млрд 371 млн 254,5 мың теңге немесе 80,1 пайыз. Оның ішінде:
-Білім саласы бойынша жоспары – 135 млн 670 мың теңге. Орындалысы 100 пайыз.
-Мәдениет саласы бойынша жоспары – 63 млн 503 мың теңге. Игерілген қаржы сомасы – 63 млн 502,4 мың теңге;
-Құрылыс саласы бойынша жоспары – 1 млрд 53 млн 603,0 мың теңге. Игерілген қаржы сомасы – 720 млн 511,6 мың теңге;
-Энергетика саласы бойынша жоспары – 267 млн 118 мың теңге. Игерілген қаржы сомасы – 255 млн теңге;
-ТҮКШ саласы бойынша жоспары – 192 млн 855 мың теңге. Игерілген қаржы сомасы – 196 млн 569,2 мың теңге. Жыл соңына игерілмей қалған қаржының сомасы- 341 млн 494,5 мың теңгені құрайды.
-Қарсақбай кентінің дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы бойынша – 105 млн 651,4 мың тг (жұмыс кестесінен кешіктірілуі);
-Ұлытау селосының кәріз тазалау ғимараттарының құрылысы бойынша – 149 млн 981,6 мың тг (жұмыс кестесінен кешіктірілуі);
-Жезді кентінің дене шынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы бойынша 77 млн 458,2 мың тг (жұмыс кестесінен кешіктірілуі);
-Жезді кентінің Кенесары хан алаңының ағымдағы жөндеу жұмыстарынан 8 400,0 мың теңге (келісімшарт бұзылды). -дөңгелектеу есебінен – 3,25 мың теңге.
«Ауыл – Ел бесігі»
Аудан бойынша 2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Жезді кентінде жалпы сомасы 360 млн 390 мың тг (оның ішінде РБ – 308 млн 467 мың тг, , ЖБ – 51 млн 923 мың тг) болатын 3 жоба іске асырылады:
- Жезді кентінің ішкі жолдарын орташа жөндеу (10,2 км) – 144 млн 185 мың тг. оның ішінде: РБ – 113, млн 883 мың тг, ЖБ – 30 млн 302 мың тг.
- Жезді кентінің мектеп-интернаты ғимаратын күрделі жөндеу – 170 млн тг.оның ішінде: РБ – 153 млн тг, ЖБ – 17 млн тг.
- Жезді кентінің мәдени-сауықтыру орталығы ғимаратын күрделі жөндеу – 46 млн 205 мың тг. оның ішінде: РБ – 41 млн 584 мың тг, ЖБ – 4 млн 621 мың тг. 404 мың тг – аудандық бюджеттен.
Әлеуметтік сала
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айында аудан бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 108 адам. Бұл көрсеткіш былтырғы осы мерзімге тіркелген жылмен салыстырғанда 218 адамға азайып отыр. Жұмыспен қамтылған адамдар саны ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында 642 адам. Былтырғы жылы осы мерзімде 408 адам жұмыспен қамтылған. 2020 жылдың желтоқсан айында қоғамдық жұмысқа 190 адам жіберіліп отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 200 адам жіберілген болатын. Кәсіби оқытуға жіберілген адамдар саны 6 адам, 2019 жылдың сәйкес мерзімінде 69 адам оқытуға жіберілген болатын. Ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айында кірісі аз адамдар саны, күнкөрістің ең төменгі деңгейі өмір сүріп жатқан 274 адам тіркеліп отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы осы мерзімге тіркелген жылмен салыстырғанда 267 адамға азайып отыр. 2019 жылы 541 адам тіркелген болатын.
«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша ауданда халықты жұмыспен қамту сұрақтары халықтың тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды қарастыратын, халықты жұмыспен қамтуды жәрдемдесудің Кешенді жоспары аясында шешіледі.
«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға 2020 жылы 380958,0 мың теңге бөлініп, 312737,4 мың теңгесі игерілді немесе 82,0% (2019 жылы 2019 жылы 372321,5 мың теңге бөлініп, 470787,2 мың теңгесі игерілді немесе 126,4%).
«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясында кадрларды қайта даярлауға 6 адам қайта даярлау курстарын аяқтап,жұмысқа орналасты. 1041,0 мың теңге игерілді, (2019 жылы 67 адам оқытылды).
01.01.2020ж. статистикалық мәлімет бойынша
Халық саны – 12620 адам,
Экономикалық белсенді халық саны (ЭБХ) – 6288 адам,
01.10.2019ж жұмыссыздар саны – 361 адам,
01.10.2020ж жұмыссыздар саны – 416 адам,
Жұмыссыздық деңгейі – 3,2%,
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны –200 адам,
Ресми жұмыссыздар саны – 110 адам.
Жаңа бизнес жобасын ашуға мемлекеттік грант 200 АЕК көлемінде 65 адамға (жоспар 65 адам) 36114,0 мың теңге (2019 жылы 77 адамға 37622,5 мың теңге) толығымен игерілді.
2020 жылы жұмыспен қамту орталығына еңбек делдалдылығымен 546 адам өтініш білдіріп, 642 адам (118%) жұмысқа орналастырылды (2019 жылы 361 дамның 151-і (41,8%) жұмысқа орналастырылған). Халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы формалары 10 адам (2019 жылы 16 адам) жұмыссыз азаматтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға мүмкіндік берді, орта арнайы және жоғары оқу орындарының 25 түлегі (2019 жылы 14 адам) жастар тәжірибесіне жолданды және 196 адам (2019 жылы 200 адам) қоғамдық жұмысқа қатысты.
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында Ұлытау ауданы бойынша 2 млрд. 14 млн. 992 мың тг 18 инфрақұрылымды жобасы жүзеге асырылуда.
Дамыту жобасы аясында 3 жоба:
-Қарсақбай кентінде 100 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына – мердігері «Қарағандыстройконструкция» ЖШС-і.
-Жезді кентінде 160 орындық спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына – мердігері «Қарағандыстройконструкция».
-Ұлытау селосындағы кәріз тазалағыш ғимараттардың құрылысына – (жалғастырылатын жоба), «Еңбек Қарағанды» РМК-мен негізгі келісім-шартқа қосымша келісім жасалды.
Ағымдағы жобалар аясында 15 жоба:
-білім беру саласында — 3 жоба,
-мәдениет саласында — 4 жоба,
-тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары саласында — 8 жоба «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 454 жаңа жұмыс орындарын, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 230 адам жұмыспен қамтылу жоспарланған. Бүгінгі күні «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» базасына жоспарланған барлық 454 жұмыс орындарының 454 орны ашылды, соның ішінде ЖҚО арқылы 230 адам уақытша жұмыстарға жолданып, мердігер арқылы 224 адамға еңбек келісім-шарттары енгізілді.
Аз қамтылған азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектерді әлеуметтік қолдау төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы жеке тұлғаларға әлеуметтік төлемдер төлеу бойынша:
Аудан бойынша төтенше жағдайлар кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін арнайы штаб құрылды. «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42500 теңгеден төлеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні 1216 өтініш тіркеліп, 58 өтінішке бас тартылды, 1158 өтінішке төленді.
Соның ішінде жұмыскерлері ақысыз еңбек демалыстарына жіберілген 44 кәсіпорынның өтініші аудандық штабта қаралып, оң шешім беріліп, онда жұмыс істейтін 122 қызметкерге төлемақы төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек және кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша:
2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 41 отбасының 265 адамына 17188,2 мың теңге тағайындалып, төленді (2019 жылы 91 отбасының 541 мүшесіне 66207,1 мың теңге төленген).
Кепілдендірілген әлеуметтік пакет (КӘП) 3253,0 мың теңгеге 41 отбасының 58 баласына (1-6 жас) берілді.
Төтенше жағдай кезінде жекелеген санаттағы азаматтарды азықтүлікпен қамтамасыз ету бойынша 855 адамға бір дүркін 5567 теңгеден 23360,3 мың теңге төленді.
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде аудан көлеміндегі мүгедек жандардың мүддесін қорғау, оларға қамқорлық жасау бағыттарда жүйелі жұмыстар тұрақты жүргізілуде. 2021 жылдың 1 қаңтарына ауданда барлығы 540 мүгедек бар: І топ- 32, ІІ топ — 267, ІІІ топ206 және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар -35, оның ішінде есту бойынша мүгедектер-4, көру бойынша мүгедектер -7, тірек қозғалуы аппараты нашар мүгедектер- 15, кресло арбамен жүріп тұратын мүгедектер -8. (2019 жылы 560 мүгедек болған).
2020 жылы Үйлерге әлеуметтік көмек көрсету 67 жалғызбасты қарттарға және 21 мүмкіндігі шектеулі кемтар балаға, барлығы 88 адамға қызмет көрсетілді (2019 жылы 112 адамға қызмет көрсетілген).
«Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету» мемлекеттік стандарты бойынша 16 адамға қызмет көрсетіліп, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін 7 балаға 216,0 мың теңге төленді.
Мүгедектерді мемлекеттік әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында:
— міндетті гигиеналық құралдармен 32 мүгедек қамтамасыз етілді ;
— 19 адамға жеке көмекшінің қызметі ұсынылып, оған 11099,9 мың теңге жұмсалды (2019 жылға 20 жеке көмекшілерге 9162,0 мың теңге жұмсалған)
— «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты бойынша 5 мүгедек азаматтар әртүрлі протездік-ортопедиялық құралдар (ортопедиялық аяқ киімдер, балдақтар) алды (2019 жылы 10 адам).
Тұрғын үй көмегінің жәрдемақысына 10 отбасының 37 мүшесіне 786,0 мың теңге тағайындалып, игерілді (2019 жылға 10 отбасына 1267,5 мың теңге төленген).
«Ауылдық жерлерде тұратын білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына отын сатып алуға ҚР заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес 2020 жылы 521 маманға 27780 теңгеден 14500,0 мың теңге төленді. (2019 жылы 890 маманға 8900,0 мың теңге төленді).
«Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 2020 жылы 2709 адамға жалпы 24414,0 мың теңге сомасына мерекелік және атаулы күндерге орай біржолғы төлемдер жүзеге асырылды (2019 жылы 23650,0 мың теңге игерілген).
Денсаулық сақтау саласы
2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 1000 адамға шаққанда туу коэффициенті 16,84, былтыр 17,19 құраған болатын ( 97,4%); өлім коэффициенті 8,53, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 6,4%-ға азайып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 9,11 болған; биыл сәби өлімі 1000 адамға шаққанда 16,60, былтырғы жылы сәйкес кезеңде сәби өлімі 4,70 коэффициентті құраған.
Білім саласы
Есептік кезеңде бір жастан алты жасқа дейінгі бала саны 998, 2019 жылдың сәйкес кезеңінде 1038 бала немесе 3,9%-ға азайып отыр. Мектепке дейінгі біліммен қамтылған бала саны 562, өткен жылдың сәйкес мерзімінде 562 бала. Мектептердегі оқушы саны 1876. Барлық компьютерлер саны 956 компьютерге шаққандағы оқушы саны 2 адамды құрады.
Аудандағы білім ұйымдарының желісі: аудан көлемінде жалпы 38 білім және тәрбие беру ұйымы бар, оның ішінде 15 орта, 2 негізгі мектеп, 5 балабақша, 14 шағын орталық, 2 мектептен тыс қосымша білім беру ұйымы (Балалар өнер мектебі, Оқушылар үйі)
Мектепке дейінгі білім беру саласында ұйымдар желісін ұлғайту есебінен мектепке дейінгі біліммен қамту арттырылды.
2020 жылы да осы 80,9 пайызды көрсетуде, 2019 жылмен салыстырғанда өзгеріс жоқ.
Жалпы аудандағы 1 жас пен 6 жасқа дейінгі бала саны – 998, 2019 жылмен салыстырғанда (1038) 40 балаға кему бар. Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуға тиіс бала саны 695, қамтылған бала саны – 562, ол 80,9 пайыз қамтылып отыр. Аудан бойынша 5 балабақша, 13 шағын орталық жұмыс істейді, 2019 жылмен салыстырғанда 1 шағын орталыққа кеміді.
Орта білім беру саласында жалпы аудан бойынша педагог қызметкерлер 2020 жылы 458 педагог жұмыс жасайды, 2019 жылмен салыстырғанда (472 педагог) 14 мұғалімге кему бар. Бүгінгі күні кадрларға қажеттілік 17 адамды құрайды, оның ішінде, 1 бастауыш сынып мұғалімі, 16 орта және негізгі буын мұғалімдері.
Жалпы 2020-2021 жаңа оқу жылына келген жас мамандар саны – 19.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жыл 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына сәйкес, білім бөліміне аттестацияға өтініш берген 91 педагог қызметкер, оның ішінде педагог-модератор — 44, педагог сарапшы — 47, педагог зерттеуші — 4.
Қазіргі уақытта жаңа формат бойынша жалақы алып отырған 157 педагог қызметкерлері.
Білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру бойынша:
2020 жылы 8 млн. 136 мың теңгеге жаңа модификациялық технология кабинеттер алынды. Мектептерге жергілікті бюджет есебінен компьютер алуға 11 млн. 640 мың теңге бөлініп толықтай алынып мектептерге таратылды.
Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту:
2019 жылғы ағымдағы жөндеуден өткен мектептер туралы.
«№1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебі» КММ-сі ғимаратының қасбетін жөндеу үшін бөлінген қаржы – 18 167 279 теңге.
«№2 Қорғасын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жасау үшін бөлінген қаржы — 23 503 289 теңге.
№3 Аманкелді жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ғимаратына ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы 6 658 260 теңге.
«№4 Қаракеңгір жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ғимаратына ағымдағы жөндеуге бөлінген қаржы 12 067 419 т.
«№11 Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмысына бөлінген қаржы- 6 153 677 теңге, Хоккей корттарын орнату үшін бөлінген қаржы 1 197 000 теңге.
«№15 Қарсақбай жалпы орта білім беретін мектебі базасындағы Тірек мектебі» КММ-нің модульді қазандық орнатуға бөлінген қаржы 10 315 800 т. Мектептің қоршауын ағымдағы жөндеуге – 14 700 000 т, Дәретхана орнатуға -3 546 240 теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді.
«№18 Мибұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бөлінген қаржы – 6 590 641 теңге.
«№5 Пионер жалпы орта білім беретін негізгі мектеп» КММ-нің жанындағы «Балауса» шағын орталығына ағымдағы жөндеуіне бөлінген қаржы – 3 684 800 теңге.
«№5 Пионер жалпы орта білім беретін негізгі мектеп» КММ-сі ғимаратының ағымдағы жөндеуіне бөлінген қаржы – 3 790 000 теңге.
«№10 Борсеңгір жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ағымдағы жөндеуіне бөлінген қаржы – 20 007 168 теңге.
«17 Байқоңыр жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бөлінген қаржы – 11 743 248 теңге.
2020 жылғы ағымдағы жөндеуден өткен мектептер туралы.
Жалпы 2020 жылы атқарылған жұмыстарға жергілікті бюджеттен 217 млн 668 мың теңге қаржы қарастырылды.
Аудан бойынша 9 мектеп ғимаратының ішіне дәретхана орнатуға 67 млн 511 мың теңге бөлініп жұмыстар жасалынды. «Бек-Строй Астана» ЖШС №7 Сарысу мектебіне 6 150 000 теңгеге және №10 Борсеңгір мектебіне 6 150 000 теңге дәретхана орнату жұмыстарын жүргізді. «СОФИНА» ЖК №2 Қорғасын мектебіне 3 753 600 теңге және №4 Қаракеңгір мектебіне 3 897 000 теңге дәретхана орнатты. Сонымен қатар, «A-CONTINENT» ЖШС №5 Пионер мектебіне 3 950 000 теңге және №11 Қоскөл мектебіне 4 200 000 теңге дәретхана орнату жұмыстары жасалынды. «Сердалиев» ЖК 555 555 теңге №18 Мибұлақ мектебіне дәретхана орнатылды. «Respect Stroy KZ» ЖШС келісімшарт түзілу бойынша №12 Ақтас мектебіне 1 998 000 теңге және №8 Егінді мектебіне 2 888 000 теңгеге дәретхана орнатылды.
№4 Қаракеңгір мектебінің шатырын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20 млн. 547 мың теңге бөлініп, «Аңсар» ЖК 13 350 400 теңгеге келісім-шарт түзілді.
№10 Борсеңгір мектебінің алаңын абаттандыруға 8 млн теңге қаржы бөлініп жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар жергілікті бюджеттен үнемделген қаржы есебінен конкурс өткізіліп, «Манас KZ» ЖШС-мен 11 750 000 теңгеге келісім-шарт түзіліп, модульды қазандық орнатылды.
№2 Қорғасын мектебіне модульді қазандық орнатуға 14 млн. теңге бөлініп, «Техносервис» ЖКмен 9 069 000 теңгеге келісім-шарт түзіліп жұмыстар аяқталды.
№7 Сарысу ОМ-іне модульды қазандық орнатуға 14 млн. теңге бөлініп, «Марганец» ЖШС 9 821 140 теңгеге келісім-шарт түзіліп жұмыстар аяқталды.
Жезді мектеп-интернат жатақханасын ағымдағы жөндеуге 35 млн. теңге бөлініп, «Ғимарат KZ» ЖШС-мен 30 016 000 теңгеге келісім-шарт түзілді.
Қоскөл селосынан балабақшаға ғимарат сатып алу – 6 млн. теңге қаржы бөлінді;
Қоскөл селосындағы балабақша ғимаратын ағымдағы жөндеу – 30 млн. теңге қаржы бөлінді.
«Жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 167 млн 904 мың:
№11 Қоскөл ОМ ғимаратын ағымдағы жөндеуге 81 млн 415 мың теңге бөлініп, «Молдашев» ЖК-мен 73 110 240 теңгеге келісім-шарт түзілді.
№6 Жезді ОМ спорт алаңын ағымдағы жөндеу – 36 млн 500 мың теңге бөлініп, «СК ПАРЛАМЕНТ» ЖШС 23 359 999 теңгеге келісімшарт түзілді.
Орындалатын жұмыстардың түрлері: терезелерді ауыстыру, жылу жүйесін ауыстыру, Электр монтаждау жұмыстары, ғимараттың қасбетін жөндеу, әрлеу жұмыстары, есіктерді ауыстыру, спорт залының шатырын ауыстырылды, қазіргі таңда спорт залының ішкі жұмыстары жүргізілді.
Қылмыс ахуалы
Ұлытау АІІБ-де 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айына 73 қылмыстық іс қозғалса, 2019 жылғы сәйкес кезеңде 81 қылмыстық іс қозғалды, қылмыс деңгейі 9,8%- ға артып отыр.
Ұлытау аудандық полиция бөліміне 2020 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша, бүгінгі күнге дейін есеп беру мерзімінде 73 қылмыстық іс қозғалса, 2019 жылдың 12 айында 81 қылмыстық іс қозғалды (9,9 пайызға төмендеген).
Ауыр қылмыстарды ашу деңгейі – 2020 ж. 61,1%, (2019 ж. 71,4 %).
Ауыр қылмыстар саны 2020 жылы 18 (2019 ж. – 8) + 125 пайызға жоғарылаған.
Аса ауыр санатына жататын қылмыстар саны былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелгені 2 (2019 ж 1) -50% жоғарылаған. Қылмыстың ашылуы деңгейі 2020 ж. 100,0%. (2019 ж. 100%).
Бөтеннің мүлкін ұрлау 25, (2019 ж. –50) -50 пайызға төмендеген. Қылмысты ашу деңгейі 100% пайыз. /2019 ж. 100%/.
Пәтер ұрлығы бойынша қылмыс саны – 2 (2019 ж. – 4). Яғни -50 пайызға төмендеген. Қылмысты ашу деңгейі – 100% пайыз.
Мал ұрлығы қылмысы 2020 жылы – 9, (2019 ж. – 19), -52,6 пайызға төмендеген.
Ұялы телефон ұрлау қылмысы 2020 жылы – 2, (2019 жылы 4) -50 пайызға төмендеген.
Есеп беру мерзімі кезінде алаяқтық, қасақана адам өлтіру, қарақшылық, бопсалау, тонау және автокөлік ұрлықтары тіркелген жоқ. Жасөспірімдер арасында 2020 жылы ешбір қылмыстық іс тіркелген жоқ. Қоғамдық орындарда ешбір қылмыстық іс тіркелген жоқ. Ішімдік ішіп жасаған қылмыстық істер бойынша ешбір іс тіркелген жоқ. Сотты болып келіп қайта қылмыс жасағандар бойынша ешбір іс тіркелген жоқ. Көшеде жасалған қылмыстық оқиғалар бойынша ешбір іс тіркелген жоқ.
Аудан көлемінде 2020 жылы 16 жол оқиғасы тіркелген. 2019 жылы 12 жолкөлік оқиғасы тіркелді +33,3% жоғарылаған. Жол көлік оқиғасынан қайтыс болған адамдар саны -7 /2019 ж. -4 адам қайтыс болған/ +75 пайыз жоғарылаған. Жолкөлік оқиғасы апатынан әр түрлі дене жарақатын алғандар саны 2020 жылы 42., 2019 жылы 11 тіркеліп, +281,8 пайызға жоғарылаған.
Жолкөлік оқиғасына жол бермеуде жергілікті жерлерде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
Есірткінің заңсыз айналымы саласында 2020 жылы 2 қылмыстық іс тіркелсе, 2019 жылы тіркелген емес.