Келелі кездесу өтті
Сəрсенбінің сəтінде өңірімізге Қазақстан Республикасы Туризм жəне спорт вице-министрі Ержан ЕРКІНБАЕВ жұмыс сапарымен келді. Қадірлі мейман өз жұмыс сапарының барысында Ұлытау өңірінің тұрғындарымен жəне туристік бизнес өкілдерімен кездесті.
Жиынды Ұлытау облысының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы басшысының орынбасары Фархат Нұрдəулетов ашып жүргізіп отырды. Өз кезегінде Ержан Мəлікұлы жиналғандарды жұмыс сапарының жай-жапсарымен таныстырды. Оның айтуынша, жаңа облыстың болашағы зор. Аумағында тарихи-мəдени ескерткіштері көп орналасқан өлкенің келешекте туристерді көптеп қабылдауға мүмкіндігі мол. Өңірге келгендегі мақсаты да осы ілкімді істерге қатысты істелетінЖиынды Ұлытау облысының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы басшысының орынбасары Фархат Нұрдəулетов ашып жүргізіп отырды. Өз кезегінде Ержан Мəлікұлы жиналғандарды жұмыс сапарының жай-жапсарымен таныстырды. Оның айтуынша, жаңа облыстың болашағы зор. Аумағында тарихи-мəдени ескерткіштері көп орналасқан өлкенің келешекте туристерді көптеп қабылдауға мүмкіндігі мол. Өңірге келгендегі мақсаты да осы ілкімді істерге қатысты істелетін жұмыстарды пысықтау, кеңестер беру.
Вице-министр өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сай елімізде атқарылып жатқан жұмыстарды да бір сəт саралап шықты. Қазақстанда 2025 жылы 113 спорттық нысанның салынатынына, 26 спорттық нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілетініне жəне өңірде 8 мектеп-интернаттың ашылатынына тоқталды. Аталмыш мектеп-интернаттың бірі Сəтбаев қаласында салынбақ.
Сондай-ақ, 2024 жылы Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінінен хабардар етіп, қатысушыларды осы дүбірлі доданың қонағы болуға шақырды. Айта кетейік, бұл ауқымды шараға 100 шақты елден делегация қатысады деп күтілуде.
Вице-министрдің баяндамасынан соң, қатысушылар өздерін толғандырған тақырыптарды қозғады. Олар əсіресе, алдағы уақытта облысымызда қандай жаңа туристік бағыттар ашу жоспарда бар екенін, министрлік тарапынан Алтын орда кезеңіндегі мұраларды шетелде насихаттауда қандай қолдау шаралары көзделуде жəне өңірімізде таяу жылдары қанша спорттық нысандар салынады деген сынды сауалдарын қойды
Бұған Вице-министр ретретімен жауап берді. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтқанындай, туризм саласын дамыту үшін министрлікке бірқатар тапсырмалар жүктелгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, министрліктің 15 қарашада Ақтау қаласында 9 премьер-министр қатысқан үлкен форум өткізгендеріне тоқталып, бұндай шаралардың туризмді дамытуда пайдасы зор екенін айтты.
Келесі жылы шетелдік нарықтарда ұлттық құндылықтарды жарнамалауға қаржы көптеп бөлінетіндігін де айтып өтті.
Досан ДУЛЫҒАЛЫ.